Рио-2016: Жазира Жаппарқұл – күміс жүлдегер

Ауыр атлетикадан қыздар арасында 69 келіде жарысқа түскен қазақ қызы Жазира Жаппарқұл күміс медаль алды. Ол жұлқа көтерудің алғашқы мүмкіндігінде 111 келі, келесі кезекте 115 келіні көтерді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келіні көтере алмады. Серпе көтерудің алғашқы айналымында 140 келіні көтере алмағанымен, екінші мүмкіндігінде 140 және үшіншісінде 144 келіні көтерді. Бұл сәтте Жаппарқұлға бәсекелес болған мысырлық ауыр атлет Сара Ахмед 143 келі көтеріп жарысты аяқтаған. Ал төртінші орын алған колумбия қызы Лейди Соли үшінші мүмкіндігінде жүлдеге таласу үшін 146 келіні көтеруге ниеттенген, бірақ ойы жүзеге аспады.

Жазира – қазақ қыздары арасында Олимпиада жүлдесіне іліккен тұңғыш ару. Осыған дейін Әлия Жүсіпова 2004 жылы Афиныда жүлдеге таяп барып қалып еді (Көркем гимнастика. 4-орын).

Бүгінгі бәсекедегі жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

69 келі. 1. Сян Яньмэй (Қытай) – 116+145-261 келі.

2. Жазира Жаппарқұл (Қазақстан) – 115+144-259 келі.

3. Сара Ахмед (Египет) – 112+143-255 келі.

«ЕлАна»