КВИ-дің таралуын алдын-алу жұмыстарына 906 қызметкер жұмылдырылды

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы мәлімдеді.

Маңғыстау обл. аумағында, атап айтқанда Маңғыстау ауд. Шетпе кентінде және Қарақия ауд. Сенек ауылында коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу мақсатында полиция органдарына 12 карантиндік объектілерді қорғау үшін Маңғыстау ауд.ТЖБ, 8-ӨСБ және Жаңаөзен қаласының 3-МӨСБ жеке құрамы берілді. ! Сенек ауылында КВИ инфекция жұқтырғандар санының көбеюі байқалуда, осыған орай Маңғыстау облысының құтқарушыларымен вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. ! Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап азаматтық қорғау органдары жергілікті жерлердегі нақты жағдайға байланысты әрекет ететінін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағында қалмағанын атап өткен жөн. Б/Ө барлығы 23 нысан карантинге алынды.

Осылайша, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап 51 елді мекенде адамдар жиналуы мүмкін 4112 объектіні қамти отырып, КВИ жеке қорғану тәсілдері мен шараларын халық арасында насихаттау бойынша күнделікті профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 906 адам (өсе отырып), дауыс зорайтқыш қондырғылары бар қызметтік автокөліктерде жалпы саны 365 бірлік тартылды. Денсаулық сақтау объектілерінде қызмет көрсететін персоналмен және медицина қызметкерлерімен 225 рет нұсқаулық өткізілді. ! Сонымен қатар, күн сайын халықты хабарландырудың аумақтық жүйесі бойынша сирено-сөйлеу қондырғыларын қолдану арқылы хабардар ету жүргізіледі.

Сонымен қатар, «ALMA ТВ» 15 телевизиялық арнасын, оның ішінде 12 республикалық арналар, 3 облыстық арналарын тоқтату (перехват Мангистау, Актау, 31) жүргізілуде (тәулігіне үш рет, 08.00, 18.00, 22.00 сағат). Телеарна бойынша – 46 рет, радио бойынша – 433 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылды (Жол Баян, Gaku FM, Love radio радиоарнасы), баспа басылымдарында – 23, интернет-ресурстарда – 678 мақалалар орналастырылды. 37 билборд пен баннерлер орнатылған. «Дармен» бойынша 10 рет ақпараттық хабарламалар орналастырылған. «Кар-Тел», «АLTEL», «Мобайл» ұялы провайдерлері арқылы коронавирустық инфекцияға байланысты шектеулер туралы 4 SMS — хабарлама жіберілді.

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ