ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасату құны төмендеді
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тест тапсыруға болатын желі кеңейтілді. Талдау құны 10 мың теңгені құрайды,бұл жеке клиникалардағы бағадан екі есе төмен. Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қалыптасқан жағдайға әлеуметтік жауапкершілік таныту қажеттігін атап өтті. Әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестті (полимеразды тізбекті реакция) өткендігі туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті. Covid-2019 жұқпасының болмауы туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады. Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың қаражаты есебінен жүргізіледі. ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасатуға болатын орындар.: — Абылай хан даңғылы, 42 (бас офис) — Ұлттық ғылыми медициналық орталық (ҰҒМО). Тел.: 87172 577609 — Қабанбай батыр даңғылы, 27 (Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиясы). Тел.: 87172 445820, Ұялы тел.: 87084253685 Сонымен қатар, тестілеуден мына мекен-жайлар бойынша өтуге болады:: «Олимп» КДЛ (19 мың 760 теңге)) : — Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйық көшесі, 2 (мобильдік пункт). Тесттер тек алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) (http://covid.kdlolymp.kz); «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (11 мың 500 тг): -Желтоқсан көшесі, 46, тел. 31-54-09. Қойылған талаптар: санитарлық талаптарды қатаң сақтау, жолаушылардың саны аз болу қажет, ара қашықтықты сақтау маңызды.