ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Т.Дүйсенованы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 5 мамыр № 327 Айта кетейік, осыған дейін аталмыш лауазымды атқарып келген Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.