Құрма жесең, мүлде ауырмайсың!
Дәстүрлі медицина күніне 5 құрма жеуге кеңес береді.Егер құрма жеуді әдетке айналдырсаңыз, мына жағдайлардың алдын аласыз:⠀
Құрмамында калий мөлшері көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуіне пайдалы. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.⠀
Бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы белгілерін жеңілдетеді. Аш қарынға жесе, ішектегі, бауырдағы құрттарды өлтіреді.⠀
Құрма көз жанарының көруін жақсартады. Сәбіздегідей оның құрамында А дәруменінің мөлшері көп.⠀
Асқазан жұмысы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті асқазан жарасының профилактикасы үшін де пайдаланады.⠀
Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса, құрма жеу керек. Құрмада йодтың мөлшері көп.⠀
Құрманы сүт араластырып, қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы сияқты тыныс жолдарына шипа.⠀
Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады.⠀
Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісіріп жесе, семіртеді.⠀
Құрамында А, Е, Б дәрумендері бай. Алмадағы темірдің екі есесі құрмадан табылады. Қан аз кісілер жеу керек.⠀
Босануды, толғақты жеңілдетеді, ана сүтін молайтады.⠀
Құрамында микробы жоқ жеміс болғандықтан қатерлі ісіктердің алдын алады.⠀
Құрма сүйектерін үгітіп, кофе қылып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырады, еркектің күш-қуатын арттырады.⠀
Қан қысымы жоғары кісілерге көмегі зор.⠀
Ағзадағы зиянды бактерияларды жояды.⠀
Бұлшық еттердің жұмысын жақсартады.⠀
Иммундық жүйені жақсартады.⠀
Импотенция (ерлердің жыныстық аурулары) болдырмайды.⠀
Әйелдер ауруларының (омырау безі, етеккірдің тұрақсыздығы) алдын алады.⠀
Құрманың құрамындағы амин қышқылының 23 түрі өзге жемістерде кездеспейді.
Asyl Aristanbekтің фейсбук парақшасынан