МАҚТААРАЛ: СУ БАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕ СУ ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекені маңындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді. Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Ырысты, Жантақсай ауылдарының аумағында ұзындығы 21 шақырымды құрайтын уақытша бөгеттер тұрғызылып, құм толы  85 300 мөшек төселді. 80 техника жұмылдырылды. 3 коллектор орнатылды.

7-8 мамыр күндері ҚР ІІМ тарапынан және Өзбекстан Республикасынан келген ТЖ мамандары тарапынан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси елдімекендерінде су сору жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бір түнде 1 572 84 куб. су шығарылды.

Бұл жұмыстарға ҚР ІІМ-нен 86 адам, 16 техника, 63 мотопомпа және Өзбекстаннан келген 140 адам, 14 техника, 58 мотопомпа жұмылдырылды.

 

 

Жалпы екі күнде шығарылған су көлемі 3 млн.  куб-тан асты.

Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы 1598 адам, 292 техника, 15 қайық, 160 мотопомпа тартылды.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі