АУДАН ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске бүгінгі 9 мамырда 75 жыл толды.
Осы айтулы мерекеге орай ауданымыздың барлық елді мекендеріндегі ардагерлерге зор сый-құрмет көрсетілуде.

 

 

Осыдан жетпіс бес жыл бұрын сұрапыл соғыста жауған оққа қарсы тұрған майдангерлер бүгінде тәуелсіз елдегі бейбіт күннің бақытын сезініп отыр.
Күн өткен сайын майдангер ұрпақ өкілдері азайып барады.
Ауданда қазір небары қан майданның куәгеріндей 3-қана соғыс ардагері тұрады.
Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.

 

Аудан басшысы алдымен Игілік ауылдық округіндегі Шәменов Кемелбектің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті.
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Ал, соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

 

Бұдан кейін Саудакент ауылында тұратын соғыс ардагері Қабыл Ібжановқа да мерекелік сыйлықтар табыс етті. Майдангер Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.
Аудан әкімі Жаңатас қаласындағы Кемелбек Шәменовтің де үйіне барып, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде ардагерлер бүгінгі ұрпақтан тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді.
Сонымен қатар, Президентімізге, облыс және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.