КӨЛ АШЫСА КӨМЕРСІҢ, ЖАУ БАСЫНСА ЖЕҢЕРСІҢ. ХАН АЛЖЫСА АУЫСАР, ҚАРА ЖЕРМЕН ҚАУЫШАР.

КӨЛ АШЫСА КӨМЕРСІҢ,
ЖАУ БАСЫНСА ЖЕҢЕРСІҢ.
ХАН АЛЖЫСА АУЫСАР,
ҚАРА ЖЕРМЕН ҚАУЫШАР.
ДІН МЕН ДӘСТҮР,
ДІЛІ ЖОҚ,
САЛТ ПЕН САНА,ТІЛІ ЖОҚ,
ХАЛЫҚ ӨЛСЕ НЕ ДЕРСІҢ?!
ҚАҚ СУЫНДАЙ КЕБЕРСІҢ.

***

Дұшпан сырттан қандырып тұр табасын,
Іргең ашық, ілбіп басып жабасың.
Тұлпар туған ұлт едің ғой
ұранды,
Енді қашан бәйге бермей шабасың.

***

Халық қана- даналықтың
қалыбы,
Хақтан бұйрық, адал оның әр үні.
Ұлтқа сөз бер,ұлы дала оянсын,
Ақиқаттың түссін десең жарығы.

***

Хан жаңылар менсінбесе халықты,
Талай мансап таңқылығын танытты.
Ұлы көште ұмыт болған ұлттардан,
Көмусіз көп сүйек қана қалыпты.

***

Надан байғұс өзін ғана ойлайды,
Өз ниетін,өз көңілін тойлайды.
Төрден орын бергенменен мысыққа,
Тышқан аулап сүмеңдеуін қоймайды.

Сабыр Адай
«НӘЗИРА» кіт-н.