Бас Прокурордың АҚШ елшісімен кездесуінде не айтылды?

Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездескен болатын. Сұхбаттасу барысында Қазақстанның Бас Прокуроры заманауи кезеңдегі қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

        Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тараптар екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде, терроризм және экстремизммен күрес, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық қорғау саласының сарапшылары және мамандарымен алмасу, сонымен қатар екі жақты келісімдік-құқықтық базаны кеңейту саласындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды.

                   IMG_9877     IMG_9880

        Жақып Асанов Қазақстанның Бас прокуратурасы құқықтық саладағы сындарлы, әрі өзара тиімді диалогқа дайын екенін айтып өтті.

         Екі жақ қол жеткізілген ықпалдастық деңгейін ризашылықпен атап өтіп, қылмыспен күрес бойынша екі жақты қарым-қатынасты жандандыру қажеттілігіне назар аударып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.   

«ЕлАна»