Нұр-Сұлтанда 13 мамырдан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта басталды

13 мамырынан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта жаңғыруда. Орталық келесі мәселелер бойынша қызмет көрсетеді: – атаулы әлеуметтік көмек; – заңгерлік көмек; – денсаулық сақтау; – білім; – бизнес; – «Кәсіпкер ана» жобасы. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау карантин шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Азаматтар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауы тиіс. Сонымен қатар орталықтың барлық қызметтерін онлайн режимде келесі телефондар арқылы алуға болады: 57-87-00, 57-88-88. АӘК мәселелері бойынша кеңес: Алматы ауданы – 87753510000 Сарыарқа ауданы – 87770386648 Есіл ауданы – 87759396342 Байқоңыр ауданы – 87021068981 Орталық ашылғалы (26 тамыздан бастап) 27,4 мың мәселе бойынша 12,2 мың адам жүгінген (20,6 мың сұрақ бойынша жүйелі кеңестер берілді, 6,7 мың сұрақ бойынша шешімдер қабылданды).