Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Қадір түнін үйде қарсы алуға шақырды

Мамырдың 19-нан 20-сына қараған түн – Қадір түні, деп хабарлайда елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтанның бас имамы Ерболат Жүсіпов Қадір түні қарсаңында мешіт үш негізгі құлшылықты орындауға дайын екенін айтты. «Коронавирустың таралу қаупі әлі сейілген жоқ. Жұқтыру қаупі бар болғандықтан, Нұр-Сұлтан мешіттері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл уақытта келушілер 15 минут ішінде жеке құлшылық жасай алады. Бұл ретте ол маска, қолғап кию керек. Сондай-ақ мұсылмандар Құран оқыта алады. Ол үшін келушілер саны он адамнан аспауы, ал олардың арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар мешіттерде неке қидыруға болады. Салтанатты рәсімге неке куәгерлерін қосқанда төрт адам ғана қатыса алады», – деді Е. Жүсіпов. Қасиетті Рамазан айында Ләйләтул-кадір түні – ең маңызды түн. Қасиетті Құранның алғашқы сүрелері дәл сол түні Мұхаммед пайғамбарға жіберілген. 2020 жылы қасиетті Қадір түні 19 мамырдан 20 мамырға қараған түнге сәйкес келеді.