АСПИРИН – МІНСІЗ БЕТ ТЕРІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ
Рецепт №1
Сізге қажет болады:
- аспириннің 4 таблеткасы;
- су 2-3 тамшы;
- бал 1 шәй қасық.
Дайындау және қолдану тәсілі:
Аспиринді суда езіп, бал қосып, ботқа тәріздес болғанша араластырасыз.
Массажды қимылымен бетіңізге жағыңыз. 20 минут күтіп, содан соң бетіңізді жылы сумен шайып жуыңыз.
Рецепт №2
Аспириннің 3 таблеткаларын бетке арналған лосьонмен бірге араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минуттай ұстаңыз. Содан соң жылы сумен шайып жуыңыз.
Рецепт №3
Сізге қажет болады:
- аспириннің 6 таблеткасы;
- лимон шырыны;
- ас содасы 1 шәй қасық.
Дайындау және қолдану тәсілі:
Аспиринді ұнтақтап, оған аз ғана лимон шырынын қосып араластырасыз. Бетіңізге жағып, 10 минуттай ұстайсыз. Суға ас содасын ерітіп, сол сумен бетіңізді шайып жуасыз.
Рецепт №4
Сізге қажет болады:
- аспириннің 2 таблеткасы;
- су 2-3 тамшы;
- қоспасыз йогурт 1 ас қасық.
Аспириннің 2 таблеткасын сумен араластырып, содан соң йогуртты қосып, бетке жағыңыз. 20-30 минут ұстау керек, содан кейін жылы сумен шайып жуыңыз.
Рецепт №5
Егер сізде безеулер ісініп, қызарса, аспиринді суда ботқа етіп езіп, бүкіл бетке емес тек қызарған безеулерге жағуға болады. Оны 20- 30 минут ұстап, кейін шайып жіберіңіз.
Құндыз.кз