Дінге тіл тигізуге қарсы заң шықты
БАӘ мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлағандай бұдан былай елде қандай да бір дінге тіл тигізіп халық арасында алауыздық отын тұтататындарды абақтыға жабу туралы заң қабылданды, деп жазады arabnews.
Бұдан бөлек елдегі кез-келген ұлтқа, нәсілге қарсы жаман сөз айтылатын болса, мейлі ол жазба түрінде болсын, әлеуметтік желіде болсын, брошюра, кітапшада болсын міндетті түрде жауапқа тартылатын болады.
Сонымен қатар кез-келген діни рәсімдер мен мейрамдардың атқарылуына қарсы бұзақылық әрекеттер де жазықсыз қалмақ емес.
Жоғарыда айтылған бұзақылық әрекеттерді жасаған адамның жазасы 6 жылдан 10 жылға дейін абақтыға жабылатын болады немесе 50,000 – 2 млн дирхамға дейін айыппұл салынатын болады.
E-ISLAM .кз