Ақ орамал қасиетін бағала

Ертеде жайлауда отырған бір елдің азаматтары жаңа қонысқа мал айдап кетеді.

Бас көтерер азамат болмаған ауылға тұтқиылдан жау шапқанда, сол ауылдың бәйбішесі басындағы ақ орамалды шешіп, сойылға байлап, жауға қарсы шығып, оларды тоқтатады.

Сөйтіп ауылды аман алып қалады.
Сол күннен жауды тоқтатқан ақ орамал «ЖАУЛЫҚ» аталып кетіпті.

Ақ орамал ƏЙЕЛ басына салған сəттен жаңа түскен келін келген елінің тілеуін тілейді.
Жас келіннің іздегені байлық емес, алпыс екі тамырын жібітер дүниеге әкелер болашақ ұрпағының тілеуі.

Қазақта жаңа түскен келін басына орамалын салып, жанжал болған жерге келіп сəлем салса,
тіпті қан төгіс болып жатса да тоқтатқан.
Қазақ үшін орамалды сыйламау, АНАНЫ қорлау болып табылады.

Бірде Бөлтірік шешен ел аралап жүріп бір кедейдің үйіне келіп түседі. Торғай қамаса тұрмайтын жыртық киіз үй, төрдегі текемет арасынан шөп өскен, адам отыратын жер жоқ.

Үй иесі: «Ақсақал жоғары шығыңыз» дегенде, əйелі басындағы орамалын алып, жерге төсепті.
Бөлтірік шешен сонда:Келін мұндай құрметті ешкімнен осы жасқа келгенше көрмеппін.

Ақ ниетіне разымын. Тəңірім басыңа жетер, байлық берсін. Басыңа қайта тартып ал» — деп өзі еңкейіп орамалын жерден алып беріпті.

Кедей жалғыз ешкісін сойыпты. Бөлтірік шешен: «Қазанға еттің бəрін сал,ауыл- аймақтың бəрін шақыр.

Бөлтірік шешен менің үйімде бірнеше күн боламын деді» деп, хабар айт депті.

Оны естіген сол ауылдың ауқатты адамдары бірі үйін əкеп тігіп, бірі дүниесін, сойыс малын əкеп, бірнеше күн болыпты.

Кетерінде шешен: «Осы əкелген дүниелеріңді, беретін малдарыңды осы жігітке беріңдер» деп бата беріпті. Көп кешікпей кедей жігіт дуалы батадан соң, байлыққа кенеліпті.

Осы ғибратты әңгіме жас келін-қыздарға өнеге болып, әсерін тигізсе игі.

 

Бақытжан Букебаев.