Тоқаев сапасыз оқулық үшін жауапкершілік енгізуді тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулықтар үшін жаза енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Тағы бір маңызды мәселе – оқулықтардың сапасы. Бұл – үнемі әрі тұрақты түрде көтерілетін мәселе. Білім сапасы оқулықтардың сапасына байланысты”, – деді ол Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында.
Президенттің айтуынша, ғылыми-практикалық сараптама мен оқулықтарды тестілеуге қойылатын талап түбегейлі қатаңдатылуы керек.
“Бұл – Білім министрлігінің міндеті. Мен, басты міндеті деп айтар едім. Біздің оқулықтардың сапасы тым төмен. Сонымен қатар, оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлеушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейтуді заңнамалық тұрғыда бекітуді тапсырамын.
Нашар оқулық дайындады ма, оның өмірге кәдесі жарамады ма, онда сол оқулықты әзірлеуші жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Одан басқа амал жоқ”, – деді ол.