ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ 6 БАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамсыз етілген отбасыға баспана сыйлап етіп, игі іске ұйытқы болып отыр. Ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді.
Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен Созақ ауылының мектеп бітіргеніне 20 жыл толған 1983 жылғы азаматтардың көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жалғыз басты 6 баланың анасы Нұрмағанбетова Баянға жеке тұрғын үй салып берді. Сондай-ақ, Жуантөбе ауыл округінің 2000 жылы мектеп бітіруші түлектері 500 метрді құрайтын көше аралық жол төсеген. Сонымен қатар, ауылдық мешіт алдына тас жол төсеп, жарықтандыру жүйесін жүргізіп берген. Бұдан өзге, олар мешіт жанына 100 адамға лайықталған асхана салып беріп отыр.
Тағы бір қуантатын игі істі «IGI QADAM» ЖШС-і қолға алмақшы. Осы уақытқа дейін де, «IGI QADAM» ЖШС-ң демеушілігімен тұрақты әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Еріктілердің бастамасымен ауыл тұрғындарының қолдауымен Жуантөбе ауылында аз қамтамасыз етілген отбасыны жаңа үймен қуантпақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі