Альберт Эйнштейннен өмірлік 31 сабақ

Эйнштейннің өмірлік сабақтарын түсіну үшін сізге физика мен математиканы жетікбілу қажет емес.

Альберт Эйнштейн бізге адамзат тарихында терең із қалдырған ұлы физик, бірқатар революциялық физика теорияларын жасаушы, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы ретінде таныс. Алайда біртума ғалым өз заманының данагөйлерінің бірі екенін көбі біле бермейді. Көптеген мақалаларында ол өмірден түйген ой-толғамдарымен, кеңестерімен бөлісіп отырған. Солардың кейбірін осы мақалада ұсынбақпыз.

1. Бәріміз данышпан болып туыламыз, бірақ өмір түзетулер енгізеді

«Бәріміз данышпанбыз. Бірақ егер балықты ағашқа өрмелей алу қабілетіне қарай сынайтын болсаңыз, онда ол өзін өмір бойы ақымақ сезініп өтеді.»

2. Әркіммен тең дәрежеде, сыпайы қарымқатынаста болыңыз

«Мен әркіммен тең дәрежеде сөйлесемін, мейлі ол қоқыс жинаушы болсын немесе университет президенті болсын.»

3. Бәріміз бірміз

«Адам – бұл біртұртас Әлемнің бір бөлшегі. Дегенмен, уақыт пен кеңістікте шектелген. Ол өзін, ойлары мен сезімін өзгелерден ерекше деп сезінеді, бірақ бұл сананың оптикалық жалған елесі. Бұл елес бізді қалауларымыз бен жақын адамдарымызға байлап қойған зынданға айналды. Біздің мақсатымыз – әрбір тіршілік атаулыға, таңғажайып бүкіл әлемге жақындай алатындай зынданнан босап шығу.»

4. Кездейсоқ ештеңе жоқ

«Кездейсоқтық – бұл Құдайдың өзін жасырын ұстауға көмектесетін бір амалы.»

5. Елестету білімнен де маңызды

«Елестету білімнен әлдеқайда маңызды. Білім алу – бұл қазір біліп, түсінуге негізделген, ал елестетудің ішіне бүкіл әлем және болашақта түсініп, білетініміздің бәрі кіреді.»

Ақыл-парасаттың басты белгісі білімділік емес, елестету, қиялдау.

«Логика сізге A-дан Z-ке дейін жетуге көмектеседі; елестету әлемді шарлауға мүмкіндік береді.»

6. Кемелденген адам жалғыздықтан ләззат ала алады

«Адам жас кезде жалғыздықтан қорқады, бірақ кемелденген сайын жалғыздықтан ләззат ала бастайды.»

«Мен жалғыздықта өмір сүремін; мұны жастар жек көреді, бірақ жыл өткен сайын нұрлана түсуде.»

«Тыныш өмірдің біркелкілігі мен жалғыздығы шығармашылыққа шабыттандырады.»

7. Жүрегіңізді тыңдаңыз, оның дегенін істеңіз, сонда қателеспейсіз. Жұрт бәрібір сынайтын болады.

«Ұлы ақылдылар әрқашан орташа қабілеттілердің жойқын қарсылығына ұшырайды. Орташа ақылды адамдар, соқыр наным-сенімге бас июден бас тартып, есесіне батыл әрішынайы түрде өз ақылын пайдаланатындарды түсінбейді.»

8. Өміріміздегі ең тамаша заттар құпия және қолжетпестей көрінеді

«Егер балаларыңыз ақылды болғанын қаласаңыз, оларға ертегі оқыңыз. Егер олар одан да ақылды болсын десеңіңіз, одан да көп ертегі оқыңыз.»

«Мен үшін білімге зерек болғаннан, қиялдай алу қабілеті маңыздырақ.»

«Біз сезінетін ең тамаша заттарды түсіндіру мүмкін емес. Ақылға қонымсыз заттар шынайы өнер мен ғылымның негізі болып табылады. Бұл сезімді сезінбейтіндер, таңғажайып заттарға таңданыс білдіре алмайтындар өзін өлік санайды: оның көздері жұмулы.»

9. Дін мен ғылым бір-біріне қарсы емес, бірігіп жұмыс істеуі қажет

«Ғылым дінсіз ақсақ, дін ғылымсыз соқыр.»

«Шіркеу ғалымдарды дін бұзушылар деп бағалады, ал негізінде олар діни адамдар. Олар Ғаламның әділеттілігіне сенетіндер.»

10. Сіздің маңыздылығыңыз табысты болудан жоғары

«Табысты болуға ұмтылмаңыз, адамзатқа пайдалы болуға ұмтылыңыз.»

«Атақты болғаннан бастап менің ақылым кеміп барады, жалпы бұл кең таралған құбылыс.»

11. Қателіктер ілгерілеу мен өрлеудің белгісі

«Ешқашан қателеспеген адам, жаңа бірдеңе жасап көрмеген адам.»

12. Қарапайымдылықты бағалаңыз

«Егер сіз мұны қарапайым тілмен түсіндіріп бере алмасаңыз, демек өзіңіз сол сабақты жақсы түсінбегенсіз.»

Барлық зат мүмкіндігінше қарапайым түсіндірілуі керек. Бірақ одан артық емес.

13. Пір жасаудан аулақ болыңыз

«Әр адам тұлға ретінде сыйлауға тұрарлық, бірақ ол пірге айналмауы тиіс.»

14. Жазалау адамды тәрбиелемейді

«Егер адам жазаланбау үшін немесе атаққа ие болу үшін ғана қайырымды, өнегелі болса, бұдан ештеңе шықпайды.»

15. Өмір – бұл қызмет ету

«Біреулер үшін өмір сүруді толыққанды өмір деуге болады.»

«Адамның құндылығы оның не ала алатынында емес, не бере алатынында.»

16. Ешқашан білім алуды тоқтатпа

«Ақыл-парасаттың дамуы туылған кезде басталып, өлген сәтте ғана аяқталуы тиіс.»

17. Сұрақ қоюды тоқтатпаңыз

«Кешегі күннен сабақ алыңыз, бүгінгімен өмір сүріңіз, ертеңге үміт артыңыз. Сұрақ қоюды тоқтатпау қажет. Білуге құмарлық бұл жақсы қасиет.»

«Сіз және мен сияқты адамдар, көптің бірі болғанымен, қанша өмір сүрсе де, ешқашан қартаймайды. Өйткені біз бала сияқты Ұлы таңғажайып әлемнің алдында біліуге құмартып тұрудан ешқашан тайсалмаймыз.»

18. Бәрі сіздің қолыңызда

«Біздің әлем өмір сүруге қауіпті орын, бірақ бұл біреулердің қатігездік жасайтынынан емес, басқалардың мұны көре тұрып ештеңе істемейтінінен.»

19. Өз ойыңызды білдіруден қорықпаңыз

«Қоғамда қалыптасқан жалған наным-сенімдерге қарсы өз ойын айта алатындар кемде-кем. Көптеген адамдардың басында ондай ой тіпті туындамайды да.»

20. Табиғатқа ұстазыңыз болуға мүмкіндік беріңіз

«Табиғатқа үңіліп қарасаңыз, көп нәрсені өздігіңізден түсінетін боласыз.»

21. Санаңызды өзгертіңіз, бұл өміріңізді өзгертеді

«Біз өмір сүріп жатқан әлем, біздің ойымыздан құралған. Өз санаңызды өзгертпей, әлемді өзгерте алмайсыз.»

Өміріміздегі қиындықтарды туындатқан ой-толғамдарымызбен оларды жөндей алмаймыз.

22. Бастысы мақсат қоя білу

«Егер бақытты өмір сүруді қаласаңыз, онда сіз адамдар мен заттарға емес, мақсатқа берік болуыңыз керек.»

23. Басқаларды бақытты еткен сайын өзіміз бақытты бола түсеміз

«Өзіңді қуантудың ең жақсы тәсілі – бұл тағы біреуді қуанту.»

24. Өз-өзіңізге қойып алған шектеулерден басқа сізде ешқандай шектеу жоқ

«Ақылға қонымсыз заттарды жасағысы келетін адам ғана мүмкін емес нәрсеге қол жеткізеді.»

«Мен есімнен адасқанмын ба, әлде басқалары ма: осы сұрақ мен кей-кейде мазалайды.»

25. Салауатты іс-әрекеттер әрдайым сізді даңқты ете бермейді

«Дұрыс дүние жасап, аты шығуы екіталай, және де даңқтылардың бәрі адал дегенді білдірмейді.»

26. Қиындықтар жаңа мүмкіндіктерді тудырады

«Астаң-кестен ортадан қарапайымдылық іздеңіз. Диссонанстан үйлесімділік іздеңіз. Кедергілерден мүмкіндіктер іздеңіз.»

27. Күш қолданып бейбітшілікке қол жеткіземін деп ойламаңыз

«Күш қолдана отырып, бейбітшілік орнату мүмкін емес. Ол өзара түсіністік арқылы ғана іске асады.»

«Біруақытта соғыстың бетін қайтара отырып, соғысқа дайындалу мүмкін емес.»

28. Ұсақ-түйек деген болмайды

«Ұсақ-түйекке аса маңыздылықпен қарамайтын адамға маңызды істерді сеніп тапсырмау керек.»

29. Өз жолыңызбен жүріңіз

«Тобырдың артынан жүретін адам, тобыр жеткен жерге дейін барады. Өз бетімен жүретін адам, бәлкім, адам аяғы баспаған жерге жетуі мүмкін.»

30. Түйсігіңізді тыңдаңыз

«Түйсік – бұл қасиетті сый, ал рационалды ақыл-ес – адал қызметкер. Біз сый жайлы ұмытып, қызметшіге табынатын қоғам құрдық.»

«Мен рационалды күйде ешқашан ғылыми жаңалықтарымды жасай алмас едім.»

31. Даналық – бұл білімпаздықтың нәтижесі емес

«Даналық бұл білім-ілімнен туындамайды, өмір бойы соған ұмтылудан туындайды.»