Британ ғалымдары өлімнен соң өмір бар екенін анықтады

2060 адам қатысқан зерттеу барысында Ұлыбританияның Саутгемптонский университетінің ғалымдары адам өлгеннен кейін де ойлау қабілетін жалғастыра алатынын дәлелдеді.

Зерттеуге қатысқан адамдардың барлығы ауыр клиникалық өлімді бастан кешірген жандар. Дәрігерлер жүрек тоқтағаннан кейін 30 секундтан соң ми қызметі де толықтай тоқтайтынын айтады. Яғни, адамның ойлау жүйесі де істен шығады деген сөз.

Алайда зерттеуге қатысқан адамдар басынан кешкен клиникалық өлім сәтінен кейін де айналасындағы жағдайларды сезіп, білгендерін айтады. Олар осы клиникалық өлім кезінде өте қорқынышты сезімді бастан кешіргендіктерін де жеткізді.

ummet.kz