Кешендіктердің қолдауы.

«Қазфосфат» ЖШС әлем бойынша тараған COVID-19 індетінің алдын алу шараларын күнделікті жалғастыруда. Сонымен бірге өндіріс орындарындағы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларына және мүмкіндігі шектеулі балалары бар азаматтарға қолдау көрсетуде. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені бойынша 170, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені бойынша 48 отбасыларының әрбірі 50 келі ұнмен, 25 келі қантпен және 25 келі күрішпен қамтамасыз етілген болатын. Сол отбасылардың барлығына тағы да 25 келі күріш берілді. Сонымен қатар, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені бойынша 41, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені бойынша 13 отбасыға 50 келі ұн мен 50 келі күріш үлестірілді.
Бұл Мұратқали Бақыткерейұлы Сәрсенов сынды азамат басқарып отырған «Қаратау»тау-кен өңдеу кешені тарапынан жасалынып жатқан игі іс. Мұндай игілікті істерді жасауды кешен басшысы өзінің азаматтық борышы деп қабылдайды.

 

Сарысулықтардың қашаннан алғысына кенелген Сарсенов мырза бұл жолы да азық-түлік жиынтығын алған отбасылардың ризалығына бөленді.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.