Халық «Нұр Отанды» қолдайды

       «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы облыстарды аралап, тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатыр. Партияның сайлауалды штабы Атырау облысында болғанда РСШ жетекшісі Асқар Мырзахметов : «Партиямыздың сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі экономиканы 4 базалық сала бойынша баса дамытуды көздейді. Оның ішінде Елбасы тапсырмасына сәйкес мұнай-газ секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары қолға алынып, 2018 жылға қарай нарықтағы бензин, дизелдік отын, авиакеросин және табиғи газға деген сұраныстар отандық өнімдермен толықтай қамтамасыз етілмек. Одан бөлек, электр энергетикасы кешенін дамыту, аграрлық секторға басымдық беру, елдің транзит-көлік әлеуетін тиімді пайдалану сынды маңызды экономикалық құрылымдар арқылы ішкі жалпы өнім көлемін жылдық өсімін орташа 5 пайызға жеткізу жоспарланған», -деп ел халқын қуантты.

«Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан ісіне республика халқына дән-риза екенін партияның сайлауалды штабының қызметінен байқап, қуанып отырмыз. Халықтың басым көпшілігі «Нұр Отанның» қызметіне көңілі толатындығын білдіріп, дауыс береміз деп отыр екен.

Elana.kz