Елордадағы Covid 19-ға талдау алу бойынша мобильді пункт жұмыс кестесін өзгертті

Мобильді скрининг-орталық эпидемия кезеңінде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Өткен аптада ашылған Covid19 талдауларын алу бойынша мобильді пункт қала тұрғындары арасында сұранысқа ие екенін “№2 Қалалық көпбейінді аурухананың” директоры Иван Ли атап өтті. «Жұма күні 200-ден астам адамнан талдау алынды, сенбі күні де 200 адам келді. Біз күніне шамамен 150 талдау жасауды жоспарлағанбыз. Әрине, мұндай жағдайда зертхананың бастайды», – дейді Иван Ли. Осыны ескере отырып, жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін бекіттік. Және осы уақыт ортасында бір сағаттық үзіліс болады. Дәрігердің айтуынша, мобильді пункт өзінің тиімділігін дәлелдеді: сенбі күні 151 талдау алынды,оның 14-і КВИ-ге оң нәтиже берді. Атап өтейік, 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын диагностикалау бойынша мобильді скрининг жұмыс істейді. Зертхана “№ 2 Қалалық көпбейінді аурухана” базасында іске қосылды. Мобильді скрининг-орталығы “Mega Silk Way» СОО мен № 2 аурухана арасында орналасқан. Процедура тек 3-5 минутты алады. Бұл әдіс барлық көлік жүргізушілеріне ыңғайлы және ешқандай кезек жоқ. Тест құны — 10 мың теңге. Тестіленуші жеке ақпарат, эпидемиологиялық факторлар мен симптомдары туралы сауалнаманы толтырады. Кабинада дене температурасы контактісіз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағатта белгілі болады, науқасқа электрондық пошта немесе тәулік ішінде WhatsApp нөміріне жіберіледі.