Аудан экономикасы ілгерілеп, тұрақты даму үстінде

Онлайн баспасөз конференциясы

 

Кеше  Жамбыл облысы аймақтық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Қайшыбекұлының қатысуымен «Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші  мен дағдарысқа қарсы шаралар туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияда аудан әкімі Сарысу ауданының 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші мен дағдарысқа қарсы іс-шаралары туралы баяндама жасап, журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларының тікелей эфир арқылы қойған сұрақтарына жауаптар берді.

 

 

 

«Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші  мен дағдарысқа қарсы шаралар» туралы баяндаманың толық мәтіні.

 

  • 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 101,7 %-ды құрап, 8,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 7,9 млрд. теңге (НКИ – 101,5 %), өңдеу өнеркәсібінде – 342,6 млн. теңге (106,4 %).

Сонымен қатар, жылумен, электр энергиясымен жабдықтау саласы 150,1 % (174,5 млн. теңге), сумен жабдықтау саласы    108,9 % (36,4 млн. теңге) болып, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы көрсеткіштер көлемі ұлғайған.        Қаңтар-сәуір айларында ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 914,9 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі             102,0  пайызды құрады (01.05.2019 жылы – 872,1 млн. теңге).

Жыл басынан бері ауданда жалпы алаңы 8 208,0 шаршы метр болатын 2 жеке тұрғын үй мен 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезектегі азаматтар мен көпбалалы отбасыларына берілді. Тұрғын үй құрылысы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5 есе артты (01.05.2019  ж. – 607,0 ш/м).

Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» шеңберінде 2 көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Жанатас қаласындағы қайта қалпына келтіруді қажет ететін, жобалық сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен 3 көпқабатты үйді Республикалық бюджетті нақтылау барысында тиісті қаржысын алу бағытында жұмыстар атқарылуда.

 

 

 

Олар :

— Жаңатас қаласы 1–ші шағын ауданындағы № 41, 47 тұрғын үйлерді қалпына келтіру;

Жаңатас қаласы 4–ші шағын ауданындағы №15 «А» тұрғын үйді қалпына келтіру.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6 543,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,1 пайызға орындалды (01.05.2020 ж. – 5 277,3 млрд. теңге).

Бұл қөрсеткіштің басым бөлігін аудандағы ірі кәсіпорындар құрап отыр, атап айтқанда «Каратау» тау-кен өңдеу кешені – 2 506,4 млн. теңге, «ЕвроХим» ЖШС – 2 696,2 млн. теңге, «Жаңатас ВЭС» ЖШС — 967,2 млн. теңге.

Оның ішінде меншік қаражаты – 6 427,3 млн. теңге, басқа да  қаражаттар – 116,4 млн. теңге (резидент еместер қаражаты – 29,0 млн. теңге).

 

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 453,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 87,9 %-ға орындалды (2019 ж.. – 486,7 млн. тг.,  111,2  %)

Биылғы орын алып отырған төтенше жағдай (карантин) бөлшек сауда тауар айналымының төмендеуіне әсерін тигізді. 

Көтерме сауда тауар айналымы 1 304,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,0 есе артығымен орындалды (2019 ж. – 93,8 млн. тг, 3,2  %).

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы бойынша өндiрiлген өнiм көлемі ағымдағы бағалармен есептегенде 1 929,5 млн. теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,4 пайызға орындалды (2019 ж. – 1 535,1 млн.  теңге).

Жалпы ауыл шаруашылығы бойынша жыл басынан бері  атқарылып жатқан жұмыстар: ауданда көлемі 21 964 гектар егістік алқап игерілді, ол 2019 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға немесе 836,0 гектарға артық (жоспар – 21 128 га).

Көктемгі егіс дала жұмыстарына қуатты 22 дана К-700, 7 дана Т-150,        4 дана ДТ-75 және 48 дана МТЗ тракторлары қатысты.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне кепілдетілген (гарантийное) дизель отынын жеткізуші оператор болып ЖК «Сарыпбекова» бекітілген. Көктемгі егіс-дала жұмыстарына       715,0 тонна дизель отыны бөлінді. Тарату бағасы – 177,0 теңгеден жоғары емес.  Дизель отыны шаруалардың сұранысына сәйкес уақытылы босатылуы бақылауда тұр. Бүгінгі күнге 183,2 тонна  толығымен босатылды (100 %).

Бүгінгі күнге 5 шаруа қожалығы — 55,7 тонна минералды тыңайтқыш алуға өтінім берсе, оның ішінде 3 шаруа қожалығы — 80,0 тонна тыңайтқышты алып, танаптарға сеуіп қойды.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық техникаларын         6,0 %-ға жаңарту  жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 27 шаруа қожалығы 153,4 млн. теңгеге 9 трактор, 7 қосалқы құрылғы және 23 тіркеме (вагон — дом для проживания) сатып алды.   

2020 жылы Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурсқа барлығы 10 жер учаскесінің (7 562,3 га) (оның ішінде 820,5 га егістік (оның суармалысы 97,3 га, тәлімі 723,3 га), жайылымдық 3 948,8 га, шабындық 2 793,0 га) құжаттары дайындалып өткізілді. Аудан бойынша үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне дейін жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 13,3 млн. теңге түсті.

 

Аудан бойынша 3 093 шағын және орта бизнес нысандары тіркелген, оның ішінде шағын және орта – 145, жеке кәсіпкерлер – 2 153, шаруа қожалықтар – 795.

Оның ішінде белсендісі – 2 668  бірлікті, үлесі                  86,3 пайызды құрап отыр (01.05.2019 жылы 1998 бірлік, үлесі               79,7 пайыз).

Есепті кезеңде шағын және орта бизнес нысандарының саны 585 бірлікке артқан (01.05.2019 жылы кәсіпкерлік нысандар саны –2 508).

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мемлекеттік бюджетке 1 536,1 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, жоспардың орындалуы 106,5 %, оның ішінде республикалық бюджетке – 372,3 млн. теңге , жергілікті бюджетке – 1 163,8 млн. теңге.

Ауданда жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен         761 адам қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 285 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 133 жас маман, «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бағытында 113 жұмыссыз азамат уақытша жұмыспен қамтылды. 219 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

11 азамат әр түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімдік оқуын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2020 жылы          93 азаматқа 354,6 млн. теңгенің шағын несиелерін беру жоспарланып, бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мал шаруашылығына 21 азамат жолдама алды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру  бағытында 2020 жылы кешенді жоспар бойынша — 200 адам, қаралған қаржы 106,0 млн. тенге. Жыл басынан бері 41 үміткердің құжаттары қабылданып, соның ішінен 34 азаматқа 18,0 млн. теңге мемлекеттік грант берілді (530,2 мың теңгеден).

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында 3 190 адамға      149,3 млн.  теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

2020 жылдың 1 мамырына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 900, оның ішінде ауыл тұрғындары – 646 азамат.

Есепті кезеңде 803 нәресте дүниеге келді.

Ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.

100 мың адамға шаққанда алғашқы туберкулез ауруы          9 науқасты, қатерлі ісікпен аурушаңдық 22 науқасты құрап отыр.

Есепті кезеңде сарып ауруы тіркелген жоқ. Сары ауру (гепатит) бойынша 2 науқас тіркеліп, 2019 жылмен салыстырғанда 6 науқасқа азайған.

Білім беру саласында 2019-2020 оқу жылы 547 сыныптағы        8 879 оқушымен басталып, 2018 -2019  оқу жылымен салыстырғанда жалпы оқушылар саны 241 оқушыға артты     (2018-2019 оқу жылында 541 сыныпта 8 638 оқушы).

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие бағытында 1-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 2 263 болып, қамтылуы үлесі 90,3 %-ды  құрады (ОБЛ. – 86 %).

3-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 1 970 бала болып, қамтылуы үлесі 100 %-ды құрап отыр (ОБЛ. — 100%)..

Ауданда құқық қорғау саласында жыл басынан бері           58 жалпы қылмыс тіркеліп, 2019 жылмен салыстырғанда          53 қылмысқа төмендеген. Қылмыстың ашылу деңгейі             76,7 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артып отыр (2019  ж. – 72,2 пайыз).

 

Сарысу ауданындағы дағдарысқа қарсы атқарылған жұмыстар:

Коронавирус індетінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Үстіміздегі жылдың 31 мамырынан бастап Түркістан облысымен арадағы (Жайылма ауылындағы) бақылау бекетінің жұмысы тоқтатылды.

Бүгінгі таңға дейін, ауданда карантиндік режимді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы бойынша барлығы 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, сот шешімімен 18 тұлғаға 10 АЕК айыппұл салынды. 9 хаттамалық ескерту берілді. 19 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралуда.

Дезинфекцияланған аумақ 2 066,0 мың шаршы метрден асты. Көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға барлығы — 63 адам (қоғамдық жұмысшы), тиісті кәсіпорындардан 6 техника жұмылдырылды.

Есепті мерзім аралығында аудандық газетте — 200-ге жуық мақала, әлеуметтік желіде – 2 235 ақпараттық материал жарияланып, 15 бейне-ролик жасалып көрсетілді.

Қазіргі уақытта ауданда мейрамханалар, көңіл көтеру орындары жабық. Барлық кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде санитарлық қызметпен ескерту берілген.

Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.

Төтенше жағдай кезінде «Сергек-блокпост» ақпараттық жүйесіне бақылау бекеттерінен кедергісіз өту үшін Сарысу ауданынан барлығы-509 көлік базаға енгізілген болатын.

Еріктілер тарапынан ауылдарда — 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде — 15500 бетперде таратылды.      4500-ге жуық бетперде қорда бар.

Осы уақытқа дейін «Біз біргеміз» акциясы аясында демеушілер тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж —                724 отбасына — 10 млн. 808 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Төтенше жағдай кезінде – 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алғандар саны – 8437 болды.

Коммуналдық қызмет үшін — 15 мың теңге төлеу бойынша арнайы колл-центр номері (5-00-69, 5-02-21) жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда, төлем жасалатын 2160 адамның тізбесі жасақталды.

Қауіпті жағдай орын ала қалса жұмысқа тартылған медицина саласы қызметкерлерінің үйлеріне қайтпай жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында, Жаңатас қаласында              20 орындық қонақ үймен (ЖК «Мутляпова») меморандум жасалды. Сала қызметкерлерін 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында Жаңатас қаласы әкімдігі мен ЖК «Назира» арасында арнайы келісім де болды.

Ауданда 27 мектепте 8886 оқушы (11 мектепте — 6687 оқушы қашықтықтан, 16 мектепте — 2199 оқушы телеарна арқылы) оқыды. Онлайн оқуды ұйымдастыру үшін 134 компьютер мұғалімдерге, 317 компьютер аз қамтылған отбасыларына (қабылдау-өткізу актісі арқылы) таратылып берілді. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы

                  Сарысу ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында барлығы 24 нысанды іске асыру жоспарланған (2,9 млрд. теңге).

Оның ішінде:

         — жаңа құрылыс 610,5 млн. теңге;

         — қайта жаңғырту 939,2 млн. теңге;

         — күрделі жөндеу 829,4 млн. теңге;

         — орташа жөндеу 180,1 млн. теңге;

         — ағымдағы жөндеу 364,9  млн. теңге.

Жүзеге асырылып жатқан жоба барысында 980 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы тарапынан 490 адам.

Бүгінгі таңда 24 жоба барлығында мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, 24 жобаның келісім-шарты жасалды.       24 нысанда құрылыс жұмыстары басталды. Жұмыспен қамту орталығы тарапынан тіркелген 490 адамның 358-не жолдама берілді (78,5 пайыз). 108 адамға айлықтары төленді.

         Сонымен қатар, облыс тарапынан құрылған топ 3 жиналыс өткізген. Хаттамалары бар. Одан бөлек аудан тарапынан құрамы 24 адамнан тұратын қоғамдық бақылау топтары құрылған әр нысанға жеке-жеке бекітілген. Құрылыс жұмыстары бойынша басталған барлық нысанда құрылыс кестесіне сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нысан паспорттарында қоғамдық топтардың байланыс нөмірлері көрсетілген. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан жұмыстарды топ мүшелерімен бірге аудан жұртшылығы да өз ойлары мен пікірлерін ұсынуға мүмкіндік алған. Топ мүшелерінің телефон нөмірлері көрсетіле отырып аудандық БАҚ пен аудан әкімдігінің ресми интернет сайтында жарияланған.

        

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша

         Арнайы мобильдік топтың зерделеуі барысында негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол берген 8 кәсіпкерге қатысты материал (бәсекелестікті қорғау департаментіне) құзырлы органға жолданды.

Жаңатас қаласындағы 12 ірі сауда дүкенінің иелерімен сатылу бағасы көрсетіле отырып меморандум жасалды. Бекітілген 9 тауардың 8-і келісімді түрде шекті бағадан асырылмай сатылуда.

Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта (01.06.2020 ж.), дүкендердің қоймасында 88 тн. ұн, 43 тн. қант, 16 тн. күріш, 9 тн. картоп және т.б. азық-түлік түрлері бар.

Бағаның өсуіне жол бермеудің бір құралы ретінде, Тараз қаласындағы тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада ауданға 30 тонна құмшекер жеткізілді.

         Өткен айда шалғайдағы Досбол, Тоғызкент және Қамқалы ауылдық округтерінде 2 мәрте азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

         Тұрғындар сұранысына сәйкес, сұйытылған газ тасымалдайтын арнайы автоцестерна Түркістан, Қамқалы, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтерін қамтыды.

         2020 жылғы 28 мамырдағы аудан әкімінің №244-Ө өкімімен объектілердің (төтенше жағдайдан кейінгі) қызметін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу үшін 2 мониторингілеу тобы құрылып, күнделікті зерделеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта Сарысу ауданында қауіпті індетті жұқтырғандар тіркелмеген.

Ауданның саяси ахуалы тұрақты.