ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДIК АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫМЕН АЙНАЛЫСУЫ ЗАҢСЫЗ

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 заңына сәйкес, шетелдiк автокөлiк құралдарының ел аумағында жолаушылар тасмалымен айналысуына жол берiлмейдi. Мұндай заңбұзушылыққа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, құзырлы органдар тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 277 800 теңге көлемінде айыппұл салу көзделген.

Сондықтан, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік жүргізушілерінің назарына шетелдiк автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдауға болмайтынын және облыс тұрғындарының мұндай көліктерге отырмауын ескертеді. Басқарма аталған заңсыздықты болдырмау мақсатында ұдайы рейдтік шараларын ұйымдастырып отырады.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі