Мешіт салу – сауапты іс
Тәуелсіздік алғаннан кейін төл мәдениетімен, дәстүрімен, дінімен, жалпы ұлттық құндылықтарымен қауышқан Қазақстанда исламға бет бұру өте үлкен серпінмен етек алды.
Дін – халықты имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеп келе жатқан үлкен өркениет.
Бүгінде қалада да, далада да имандылыққа ұйытатын Алланың үйі ұшан-теңіз тәрбиелік жұмыстар атқарып жатқаны көкейге қонымды.
Имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары,» – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі.
Бұл күндері ауыл-аймақтарда құлшылық үйі, мешіттердің бой көтеріп келе жатқаны көңіл қуантады.
Осы орайда «Сөзден іске» жобасы аясында Сарысу ауданындағы Жайлаукөл ауылында мешіт салынуда.
Мауысым айында басталған бұл жоба қараша айында аяқталады деп күтілуде.
Шалғай ауылдағы имандылық иірімі аясындағы жұмыстарға ауылдықтар дән риза.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы