Елордада дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция әлі де жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың, базарлардың, СОО, аулалардың, балалар алаңдарының аумақтары, сондай-ақ үйлердің кіреберістері және басқа да адам көп жиналатын орындар өңделуде. Елордада әлі де маска тағу режимі сақталуда. Тұрғындар әлеуметтік қашықтықты қадағалауы, қолды антисептикпен өңдеуі, топтанып жиналмауы және адам көп жиналатын орындарға бармауы тиіс. Қаланы өңдеу бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіледі.