Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі
Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша: -сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады -қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі -қоғамдық көлік жұмысы шектеледі -қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады -фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады -65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі. 2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде: -қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады; -65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі. 3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға — әлеуметтік қашықтықты сақтау.