ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!..
«Бұл халықты әбігерге салудың бір жолы ғой, ол ауру Қазақстанда атымен жоқ. Болса айтыңдаршы, жақындарыңнан ауырған кім бар?» дейтін болды әлдебір көксоққан данышпандар айналасына сұраулы жүзбен білермендене қарап. «Әр қазақ менің жалғызым» деп Сабыр Адай айтпақшы, қазағым бұл пәлекеттен аман болсын. Осы індет басталғалы дәрігерлер мен медбикелер аянбай еңбек етіп келеді. Солардың талайы коронавируспен жұғымдалып та қалып жатыр. Індет басталғалы ұзын саны 20 мыңнан асқан қазақстандықтар, бауырымыз жақынымыз емес пе?! Емдеу шипа бермей арамыздан кетіп жатқан адамдар жақының емей немене? ҚР Президенті баспасөз қызметінің хатшысы Берік Уали өзінің Facebook парақшасында жұқпалы дертке шалдыққанын жазды. Онымен отбасылық қарым-қатынасы бар азаматтардың айтуынша Беріктің ата-анасы да COVID-19 бен жұғымдалған екен. Арада бірнеше күн өтер-өтпес, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның ауырғандығын естідік. Ал теледидар жаңалықтары оның жанындағы көмекшілерінің де жұғымдалғандығын айтқанда шошып кеттік. Енді міне Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ауырғандығы расталды. Премьер министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтар қауіпті дерттен оқшаулануға көшіпті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов ауруханаға түскен… Міне бүгін мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығматулинде оқшауланды. Бейқам қазағым айналаға қараңдаршы қарақтарым..! Жаман ауырумен ауырғандар өршіп барады 15 мыңнан асып барады. Қайтыс болғандар 80 асты солар біздің жақынымыз емеспе..?! Көкшетауде ерлі-зайыпты көз жұмды, баласы жансақтау бөлімінде жатыр. Осындай хабарларды ести отырып, аурудың астарынан саясат іздеген адамдарға не деуге болатынын түсінбей кеттік…
Өкінішке қарай әлеуметтік желі біткен өсекпен тыныстап бара жатқандай. Жұрттың бәрі ақ қарасын ажыратып отыратын сарапшы емес қой. Естігеніне құлай сенетін аңғал-саңғал мінезіміз тағы бар. Үрейге толы хабарламаларды WhatsApp қосымшасы арқылы бір-біріне жарыса таратқан ағайындар «сақтаныңдар» депті. Ауылдағы ағайыннан таралып жатқан хабарда, Түркістан облысында жағдайдың ауырлап бара жатқандығын айтып «дабыл» қағыпты. «Шорнақтың әкімі емхана алдында кезек күтіп отырған жерінде жан тапсырды» дейді әлгі хабаршы. Күніне пәленбайдан өліп жатыр дейді тағы біреуі. Ал үкіметтің таратып жатқан ресми мәлімдемесінде «бүгінгі санақ бойынша COVID-19 дан қайтыс болғандардың саны 82 адам» деп тұр. Осы арада еске түскен соң айта кетуді жөн көрдік. Алдыңғы аптада баспасөз беттерінде «арнайы зираттағы қабірлердің саны мен ресми мекемелердің қайтыс болды деп мәлімдеген санының сәйкес келмейтіндігі» хабарланып еді… Қалай күдіктенбейсің? «Он пәленің тоғызы тілден» деген, өтірік жақындарым жоқ деп, тілеп алдыңдар сенбей..! Алла жар болсын момын халқыма.. Сабырмен, сақтықпен, бірлікпен санитарлық нормаларды орындайық. Иманға келейік бір-бірімізге бауырмыз табаламай тәубаға келейік ағайын..! Ал, қазақстандықтар үшін қоғамдық пікірдің қан майданына айналған фейсбуктің бетінде, әлдекімдер сонау алыста жатқан Женева қаласынан «тың тыңдап келгенін» айтып таңғалдырып отыр. Дәлел-дәйегін орыс БАҚ-тарына сілтеп қойып сендіргісі келген «хабаршының» сөзіне сенсек ДДҰ «енді коронавирус пандемиясы жоқ» депті. Міне осындай ақпараттардан аяқ алып жүргісіз халге жеттік. Енді біреулері «Түркиядан Түркістанға 2000 адамды ұшақпен елге әкелді» деп жатыр. Оны естіген екіншісі «ауру қайта өршіп жатқан елден адамдарды неге әкелді» деп алаңдап қалды.
Осыларды қарап отырып ресми органдардың шынайы ақпараттарының аса маңызды екендігін сезіне түсесің. Әлеуметтік желідегі «өртке тиген дауылдай» қауесеттерді баса алатын бірден-бір күн, ресми органдардың шынайы ақпараты ғана болмақ. Онсыз адамдардың барлығы өсекаяңнан задап шегіп жатыр. Өкінішке қарай осынау жел сөздерді жөнге салатын мекемелер аз болып тұр. Мұндай кезде әрбір жергілікті орындағы әкімшіліктер өз аумақтарындағы жағдай туралы нақты ақпараттарды таратып отыр бірақ кей жерлерде жеткіліксіз. Күнделікті теледидар жаңалықтарында 24 сағат бойы айтылып жатқанымен жұрттың барлығы көк жәшікке телміргеннен гөрі ұялы телефонды қолайлы көріп жатқан мына заманда, билік орындары арандатып жатқан әлеуметтік желіге де ауық-ауық мониторинг жасап, ақ қарасына да жауап берсе деген тілегіміз тағы бар. Бір ғана мысал. Кешеден бері «Түркістан облысында жағдайдың қиындап, күніне 10-15 адамнан өліп жатқандығы және Шорнақ ауылының әкімінің өлімі» туралы хабарға облыс әкімшілігі жақтарын ашқан жоқ. Бұған жоғарыдағы биліктің де жауапкершілігі бар деп ойлаймын. Мұндай төтенше жағдай кезінде жайсыз хабар болса да шынайы ақпараттар ғана, есі шыққан жұртқа тоқтау болары сөзсіз. Қазіргі таңда халық екіұдай күй кешуде. Біреулері үрейленіп отырса, екіншілері «ауру жоқ» деген көзсіз батырлар тобын құрап отыр. Карантин талаптарын толық сақтамаудың кесірі шығар. Қазір еліміз бойынша COVID-19 жұқтырушылардың саны симптомды және симптомсыз түрлерін қосып есептегенде 20000-нан асып кетті. Оған қалай сенбейміз ағайын? Күллі әлем болып арпалысып жатқанда, жер беті түгелдей өтірік айтуы мүмкін емес қой. Сондықтан өзімізгеөзіміз бекем болудан басқа амал қалған жоқ. Айналамыздағы жақындарымызға қауіпсіздік сақтауды насихаттайық!
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында корнавирустың бірнеше жыл бойы әлемді дүрліктіретінін жазды. «Соған орай әлі біраз уақыт бойы карантин режимін сақтап, осылай өмір сүруге үйренуіміз керек, әркім жеке басының тазалығына мән берсін» деді аурухана төсегінде COVID-19 күресіп жатқан министр мырза. «Қымбатты достар! Мен сіздерге министр ретінде ғана емес, ең алдымен жеке адам ретінде, коронавирус індетіне байланысты қазіргі жағдай туралы алаңдаушылық білдіріп отырғанымды айтқым келеді. Әрқайсымызға жеке жауапкершілікті сезінетін кез келді. Әркім карантин ережелерін жақсы білетін уақыт келді», – дейді. Министрдің де жазбасын қаперімізге алғанымызда дұрыс болар еді. Елжан Біртанов вакцина табылып, иммунитет қалыптасса да, бұл індет жыл сайын қайталануы әбден мүмкін деп болжам жасап отыр. Оның сөзінше қазіргі таңда вирустың дамуының бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Барымызды бағалап, бейғамдықты қойып, денсаулығымызды сақтай білейік ағайын! «Дамып кетті» делінетін Италия секілді елдерде жұқпалы індетке шалдыққан қарттарды емдемей жатқанында көрдік теледидардан. Ал біздің елде Аллаға шүкір қарттарға ерекше қарап 80- 90-на асқан қарттардың кейбіреуі коронавирустан емделіп шыққанында көрдік. Алла ниетке береді. « Құдайдан қорықпағаннан қорық»..! Адаспаңдар, арандатуға леспеңдер,аз қазақ қырылып қалмайық..! Берекесіз айқай шудан пайда жоқ, еліміздің амандағын Алладан тілейік қарақтарым Алладан! Тәртіпті санитарлық нормаларға, билік үшін біреу үшін емес, өзіміз үшін орындайық..! Біздің бейқамдығымыздан сенбегенімізден өршіп барады, кінә өзімізден..! Алла сақтансақ сақтайды..! Сабырға келейік, ағайын!
Елана ҚАСЫМБЕК
Серіктесіміз «Qazaqstan dauiri» газетінен