iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына қашықтан жұмыс істеуге 15 оператор қабылданды
Оператордың міндетіне қабылдау, кеңес беру, қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді ақпараттық жүйеде тіркеу кіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы – iKOMEK 109 қызметкерлерді қабылдау қорытындысы бойынша 15 адамды жұмысқа қабылдады. Қазіргі уақытта іріктелген үміткерлер орталықта оқытылуда, оқу аяқталған соң қашықтан жұмыс кестесіне бөлінеді. «Арнайы оқытылған әдіскер кіріспе сабақтарын өткізеді. Деректер базасында қаланың мемлекеттік басқармалары мен коммуналдық қызметтерінің жұмысы туралы мәліметтер сақталады: анықтамалық ақпарат, коммуналдық қызметтердің жоспарланған және алдын алу жұмыстары туралы деректер. 1800-ден астам қызмет бойынша оператор жауапты бірінші қоңыраудан-ақ бере алады», – дейді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дүбірова. Оператордың міндетіне қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау, кеңес беру, ақпараттық жүйеде тіркеу кіреді.