ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.БЕКОВТЫҢ ОНЛАЙН БРИФИНГТЕ БЕРГЕН АҚПАРЛАМАСЫ

Қарақия ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 24.06.2020 жылғы жағдай бойынша ауданда барлығы 49 (Сенек-23, Бостан-8, Жетібай-11, Мұнайшы-7) адамнан вирус нақтыланды. Аталған 49 науқастың 47-ауруханадан емдерін алып үйлеріне шығарылды. Қазіргі таңда, 2 науқас Жаңаөзен қаласында инфекциялық ауруханада ем қабылдауда.

 

АУДАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ 65% ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КӨШТІ.

Сонымен қатар, коронавирус індетінің белгілері жоқ (бессимптомный) 8 (Құрық-1, Жетібай-4, Мұнайшы-3) жағдай тіркеліп, үй жағдайында аталған азаматтар ем қабылдауда.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына орай, Құрық ауылында 11 орындық және Жетібай аудандық ауруханада 20 орындық провизорлық бөлімшелер дайындалды.

Маңғыстау облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің 65% қашықтықтан жұмыс жасауға көшті.

Республикалық деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Қарақия ауданы бойынша COVID-19 індетінің алдын-алу және сақтану бағытында әлеуметтік желілерде, яғни Фейсбук, Инстаграмм және Вконтакте желілерінде 27238 материал, 150-ге жуық бейнероликтер, «Маңғыстау» арнасында 2 хабар, «Қарақия» газетінде 62 мақала, аудан әкімінің ресми сайтында 31 материал жарияланды. Аудан аумағында 4 билборд ілініп, еріктілерді тарта отырып, 12475 парақша таратылып, 1822 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дыбыс күшейткіш құралдары арқылы аудан бойынша 13 жерде күніне 2 сағат сайын тұрғындарға хабарландыру жіберіліп отырды. Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беретін арнайы «CALL» орталығы жұмыс жасады. Орталыққа 500 үстінде сұрақ келіп түсіп, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді.

Ауданда дезинфекциялық жұмыстар індет анықталған ошақтар мен ауылішілік жолдарда өндірістік мекемелер мен «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның арнайы автокөліктері арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары және елді мекендердегі барлық

ойын алаңдары мен Болашақ темір жол вокзалында дезинфекциялық жұмыстар кестеге сәйкес, тұрақты түрде жүргізілуде.

Ауданда құрылған мобилдік топ мүшелері тұрақты түрде адам көп шоғырланатын жерлерде, кәсіпкерлік нысандарда рейдтік шаралар жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Республикада төтенше жағдай енгізілгеннен бастап ауданда 126 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдайға байланысты жұмыс жасап жүрген жұмысшыларды жұмыстан босатпау мақсатында 11 мекемемен меморандум жасақталды (СС Сервис, Сибу, Мүнайтелеком, Демеу, Вестойл, Мобилсервис, Актаукрантехсервис, Каспианфуд, Құрықпорты, Ақжолқұрлыс, «Сенек» ЖШС)

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТОПТАМАМЕН НЕМЕСЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН 96,0 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ.

Аудан бойынша 5567 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-18 жасқа дейінгі 524 балаға 2,9 мың теңге төленді.

1,2,3 топ мүмкіндігі шектеулі 1198 адамға 6,7 мың теңге;

16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 315 балаға 1,7 мың теңге;

318 мүмкіндігі шектеулі балалардың күтушісіне 1,9 мың теңге;

Жұмыспен қамту орталығында тіркелген 1357 жұмыссыз адамға 7,5 мың теңге;

Барлығы 3660 адамға азық-түлік топтаманың орнына 5567 теңгеден 20,4 мың теңге қаржылай аударылды.

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға және өз-өзіне қызмет көрсетіп жүрген азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік көмекке 13162 өтініш түсті; 6652 бас тартылды, 6510 адамға тағайындалды.

 

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ «БІЗ БІРГЕМІЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ АЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ОТБАСЫЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН КӨМЕКТЕР.

Қарақия ауданы бойынша барлығы 443 отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді. Төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы асында тұлдыр жетім балалардың асыраушыларына, мүгедек балалардың күтушілеріне, асыраушысынан айырылғандарға, 1 топ мүгедектерге, атаулы әлеуметтік көмек алушылары; барлығы 1089 адамға 50,0 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

 

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ