ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.ҚОСУАҚОВТЫҢ КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН – БРИФИНГТЕ БЕРГЕН АҚПАРАТЫ.

23.06.2020 жылы

Түпқараған ауданында тұрғындардың денсаулығын сақтау, КВ инфекциясының алдын алу және сақтық шараларын ұйымдастыру жөнінде қысқаша тоқталып өтсек, аудандық штаб құрылып, ақпаратты іркіліссіз, оперативтік түрде жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобы құрылып, короновирустан сақтану және алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша іс-қимыл алгоритімі жасақталып, жұмыстар атқарылуда.

Аудан тұрғындарының денсаулық жағдайын сақтау мақсатында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап, Ақтау- Форт-Шевченко бағытындағы жол бойынның 43 км блок пост және 30 наурыздан бастап Форт-Шевченко қаласының кіреберісіне санитарлық-блок бекеттер қойылды. Қалаға кіріп шыққан барлық көліктер мен азаматтар тексеріліп, тіркеліп отырылды. Карантин режимдері жеңілдетіліп, төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, ауданымызда КВИ жұқтырған алғашқы адам 25 мамыр күні тіркелді.

Жалпы ауданда Түпқараған аудандық ауруханасында КВИ-1-инфекциялық бөлімшеде 10 орын, КВИ-2-провизорлық стационарда 10 орын және аудандық білім бөлімінің «Түпқараған ауданының білім жүйесін дамыту орталығы» КММ-де КВИ-3-карантиндік (обсервациялық) стационарда 50 орын дайындалды, қазіргі жағдайларға байланысты КВИ-1-инфекциялық бөлімшеде 20 орын, КВИ-2-провизорлық стационарда 50 орын және КВИ-3-карантиндік (обсервациялық) стационарда 60 орынға ұлғайтылды.

 

ЖАЛПЫ АУДАН БОЙЫНША КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН 976,350М2 АУМАҚТЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН

Ақпараттандыру жұмыстары бойынша ауданға қарасты барлық ауылдарда мәдениет үйлерінің, мешіттердің, бағанада орналасқан дыбыс ұлғайтқыштар және дыбыс ұлғайтқыш орнатылған көліктер арқылы тұрғындарға сақтық шаралары мен карантиндік шекетеу шаралары туралы ақпараттық түсіндіру ақпараттары ұдайы хабарланып отырылса, фейсбук, инстаграм, теллеграмма әлеуметтік желілері арқылы да түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Төтенше жағдай кезінде тұрғындардың сұрақтарына жауап беруі үшін КОЛЛ-Центр тәулік бойы жұмыс жасап тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, мәселелері уақытылы қанағаттандырылып отырылды.(тел 22794).

Аудандағы азық-түлік бағаларына ұдайы мониторинг жасау шарасы бойынша да жұмыстар жүргізіліп, 9 әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағалары үнемі бақылауда болды. Аудан бойынша 137 азық-түлік дүкендері, 8 супермаркет, 21 шағын маркет бақыланып, азық-түлік бағаларының шамадан тыс өсуі байқалған жоқ.

Аудан бойынша заласыздандыру шаралары ауданға қарасты 4 мекеме арқылы, яғни «Түпқараған су жүйесі» КММ, «Каспий коммуналдық қызметі» ЖШС, «Түпқараған электр жүйесі» КММ. «Коммуналдық қызмет» КММ арқылы заласыздандыру жұмыстары жасалынды. Жалпы аудан бойынша күні бүгінге 976,350м2 аумақты заласыздандырылса, бұл жұмыстар әлі де жалғастырылуда.

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ж.Сыдымановтың 2020 жылғы 8 маусымдағы №27-ПГСВ «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес, 3 топ : 1)қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз ету, 2)қызметтердің жұмыс уақытына шектеу жасауды қамтамасыз ету,3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беру бойынша қосымшаға сәйкес жұмыс топтарын құру туралы өкім шығарылды.

Бүгінгі таңда осы өкім арқылы рейд жұмыстары жүргізілуде, 175 нысанға рейд жасалып, тексеріліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп отыр. Елді мекендегі отбасылық шаралардың ұйымдастырылмауын, тұрғындарды шоғырландырмау мақсатындада түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әр елді мекеннен белсенді азаматтарды, еріктілерді тартуға тапсырма беріп отырмын.

 

ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУДАН БОЙЫНША БАРЛЫҚ ДӘРІХАНАЛАРДА БЕТПЕРДЕЛЕР ЖЕТКІЛІКТІ

Ауданда алғашқы адам 25 мамырда тіркелсе, күні бүгінгі ақпарат бойынша ауданда КВИ тіркелген адам саны барлығы – 25, оның ішінде тасымалдаушы (бессимптомный) – 13. Емделіп шыққаны – 7, қалғаны — 4.Обсервациялық станционарда жоқ, үй карантинінде -77, привизорлық госпитальде -5, КВИ -1 адам.

Карантин режимдері жеңілдетіліп, төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, тұрғындарымыздың сақтық шараларымызды босаңсытуынан, тиым салынса да отбасылық шараларды ескертусіз көптеп өткізіп, халықтың көптеп шоғырланулары бірден бір себепші деп есептеймін. Жалпы бүгінгі таңда жағдай әлі тұрақсыз, сол себепті аудан тұрғындарына өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулықтарын сақтау үшін, отбасылық шараларды уақытша тоқтата тұруды, қайғылы жағдайларда да карантин ережелерін қатаң сақтай отырып, адамдардың көп шоғырланбағанын бақылауда ұстау керектігін, яғни қарапайым сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертемін.

1.Бетперде (масканы) тұрақты пайдалану;

2. Көпшілік жерлерге бармауды;

3. Әлеуметтік ара-қашықтықты, яғни 1,5 м ұстау;

4. Қолға дизенфекция құралдарын пайдалану, қолды жиі сабынмен жуу;

5. Жасы үлкен адамдар мен жас балаларды үйден шығармау, шектеу шараларын қатаң ұстауды қаперлеріңізге береміз.

Өздеріңізге белгілі, төтенше жағдай кезеңінде ауданда тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан еріктілері мен тігін цехтары арқылы 45646 маска тігілді. Оның 20073-і егде жастағы тұрғындар мен мұқтаж азаматтарға, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға т.с.с осал топтарға тегін таратылды. 23473 дәріханалар арқылы төменгі бағамен сатылды. Тігін цехтары арқылы 2100 маска өндірістік мекемелерге тігілді. Қазіргі таңда аудан бойынша барлық дәріханаларда бетперделер жеткілікті, сондықтан маскалық режимді міндетті түрде сақтауларыңызды сұраймын.

 

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ