Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. Рамада Плаза ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. Бірінші шілдеде 250 орын ашылды. Өткен аптада 800-ден астам төсек-орын ашылды. 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында төсек-орындар құрылды. Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және т. б. сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.