«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы»

Спикерлері:

Байтасов Азамат Елемесұлы, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының» жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі

Шаймарданова Индира Идаятқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының Мониторинг және еңбек ресурстарын болжау бөлімінің басшысы

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 50% немесе 7 628 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жалпы алғанда қалада 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрылатын болады.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарды, кейіннен жұмысқа орналастыру үшін инфрақұрылымдық жобаларға жолдайды.

Осылайша, 132 жобаның 95-і бойынша жұмыс басталды.

ХЖҚО-мен 101 ниет хаттамасына қол қойылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша өзекті бос жұмыс орындары: дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары, мұнара краншылары, сылақшы-сырлаушылар, арматурашылар, тас қалаушылар, бетоншылар, слесарь-сантехниктер, экскаваторшылар, механизаторлар, В, С, Д, Е санатты жүргізушілер, қосалқы жұмысшылар, көгалдандыру бойынша жұмысшылар, жол жұмысшылары, монтажшылар, электриктер және әртүрлі жұмыс жасаушылар болып табылады.

Қатысушылардың жалақысы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты 85 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары жаңа жұмыс орындарын құру және мердігер ұйымдардың электрондық еңбек шарттарын уақтылы толтыру мониторингін жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 4 206 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 350 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 1187 адам – жастар санатында. ЖҚЖК бағдарламасы бойынша кезең-кезеңмен жұмысқа орналастыру үшін мамандарға қажеттіліктің желілік кестесі әзірленген және келісілген болатын.

Ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап, Халықты жұмыспен қамту орталығы он-лайн жұмыс режиміне көшкендіктен, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналастыру үшін, ХЖҚО колл-орталығына 57-88-88 нөміріне немесе мониторинг және еңбек ресурстарын болжау Бөліміне, 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02 телефондары арқылы хабарласу қажет.