Әке махаббатына бөленіп өспеген қыздың тұрмысқа шығуы қиын –
«Балалық шақ – ұмытылмас бал күндер» деп бекер айтылмайды. Сол балалық – адамның әрі қарай өмір сүруінің, қалыптасуының негізі. Бала кезде көңілге түскен кірбің де, қаяу да жанға батады. Жүректі ауыртқан нәрсе көңіл түкпірінде қалып қояды. Оны бала жүрек ұмыта ала ма? Соның зардабы ес жиып, ержетсе де кетпейді екен. Біз осы орайда психолог Сабина Рамазанованың пікірін білген едік.
– Қазір тастанды балалар көбейіп кетті. Оның кейбірі жақсы отбасында өсіп, өмір сүріп те жатыр. Дегенмен құрсақта жатқанында сәби «анасына керек болмағанын түсінеді» деген рас па? Ондайлар қандай болып өседі?
– Бағана айтқанымдай. барлығы түп санаға байланысты. Мидың нейрондық байланысы қалыптаса бастағанда не жазылып, сақталуына қарайды. Ол – аяғыауыр кезеңнің алғашқы сатысында қалыптасады. (Соңғы етеккірдің келуінен бастап, 13 аптаға дейінгі кезең) Болашақ ананың сәбилі болғанын білуі, қуанышты хабарды жолдасына айтуы – осының бәрі құрсақтағы сәбиге әсер етеді.
Тіпті, болашақ ана жаңалығымен бөліскенде көңілі жабырқау болса, құрсақтағы сәбидің миына «мені қаламайды» деген сигнал кеткені. Енді жанданып, жұмыс істей бастаған ми осыдан соң, өзін-өзі құрта бастайды. Сол себепті кейбірі ДЦП секілді түрлі ауруға шалдығып туылады. Бәрі бірдей ауру балалар емес, дені сау балалар да өмірге келеді.
Бірақ оларда «ешкімге керек емеспін» деген ақпарат бойына сіңіп кеткен. Ол сол сезіммен есейіп, ер жетеді. Қайда жүрсе де, ол сезімнен арыла алмайды. Көбіне ішімдікке салынғандардың балалары осындай сезіммен өседі. Сондықтан сәбиді құрсақта жатқаннан жақсы көріп, тілеуін тілеу керек. Пешенемізге не жазылғанын кім біледі?! Бірақ мейірімге бөленіп өскен баланың жүрегі мейірімге толы болады ғой.
Aiqyn.kz