ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҮРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

Биылғы жылы Торайғыров университетінде болашақ журналистер, музыканттар, сәулетшілер мен дизайнерлерге арналған шығармашылық емтихандар қашықтықтан өткізіледі. Мерзімі — 8-13 мусым аралығы.

Талапкерлер тапсырмаларды орындау бойынша бейне материалдар және кеңестермен танысты. Кеңестер мен емтихандар видеоконференция форматында өткізілуде. Бір емтиханның ұзақтығы 6 сағатқа дейін созылады. Комиссия бұл тұрғыда жеке тапсырмалардың орындалу барысын әр екі сағат сайын тексеріп отырады.

Бақылау тапсырмаларының нәтижелері оқуға түсушілердің жақсы дайындығын көрсетеді және жоғары нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

«Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Леонид Булыганың айтуынша, емтихан жұмыстарын бағалау барысында талапкерлердің көркем-композициялық дағдылары мен кеңістіктік ойлау қабілетіне мән беріледі.

«Талапкерлер қарындашпен гипсті басты салады және сызба жасайды. Тапсырманы орныдау барысында геометриялық фигуралардан композиция жасалады. Сызба үш проекция бойынша орындалады және қарындашпен сурет салынады», — дейді Л. Булыга.

«Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі Михаил Попандопулоның айтуынша, емтихан барысында талапкерлердің музыкалық қабілеттеріне мән беріледі.

«Талапкерлер таңдаған болашақ мамандық шығармашылық, қызықты әрі жан-жақты болса да, аса күрделі. Болашақ музыкант аспаптардың құлағында ойнау керек. Яғни, бұл өнерді еркін меңгерулері шарт», — дейді Михаил Павлович.

Журналистика және репортер ісі мамандығында шығармашылық емтихан ретінде берілген тақырыпқа эссе жазу ұсынылды. Талапкерлер үйде болса да, өзге тұлғалардың көмегіне жүгінбес үшін телефон мен компьютерлердің бейнекамераларының бақылауында болуы керек. Емтихан алушылар мәтіндерді мәтіндердің көшірмелері арқылы тексерді.