Жалғызыңды сөзбен емес, жаныңмен қорға!

 

Қ. Тоқаев мырза!

Шұғыл шешім қайда?!.. Ар қайда?!.. Ант қайда?!

Ұлт қырылып жатыр!

Қазақтың қаны мен көз жасына қара!

Жоғарғы қолбасшысың: неге халық пен әскерді көшеге, көмекке шақырмайсың!?.. Жемқорлар мен сатқындардан тазартпайсың! Бұл не, шарасыздық?! Әрбір сәт қазақстандықтарды жалмап жатыр. Ертең халқыңа не айтасың?!

Әр қазақ – менің жалғызым!!! Жалғызыңды жаныңмен қорға, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Не биліктен кетіңдер!

 

Сабыр адай

Ақтау

13.07.20ж.

 

«Әр қазағын жалғызына «балаған ақынның сөзі әр қазағының жүрегінде!.. Ел президентіде осы сөзді үндеуіне негізгі арқау етті, халқына ұран-үндеу жолдады. Ұран етіп жиі айтады..! Гете: «Дүниеге бір сызат түсетін болса, ол ақындардың жүрегі арқылы өтеді»…деген екен. Бүл сырқатпен ақынның жаны да, тәні де ауырып жатқанын естідім Алла шипасын берсін, әр қазағын жалғызына балаған ақынға..! Ол рас міне қысқа да нұсқа жанайқай. Бұл әрбір әрпі мірдің оғындай, әрбір сөзін нар көтере алмас. Әрбір ойы Каспидің дауылды күнгі толқынындай күркіреген Сабыр Адайдың өр үні. Ақын шамырқанса, ақын көтерілсе, ақын дәргейінен шықса онда… онда халық теңіздей толқып, қанасынан асар. Ендеше, Президентім, ақын сөзін жерге тастама! Қолдаймын, баршамыз ҚОЛДАЙЫҚ

 

elana.kz