Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы Айдарлы ауылында болып, егін алқаптарын аралап, шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін аудан әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы ауданымыздағы облыстық пилоттық жобаға енген Айдарлы ауылында болып, егін алқаптарын аралап, шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Алдымен аудан басшысы Ниетбек Алдарбергеновтың егістік алқабында болып, шаруа қожалықтың биылғы жұмыстарын көзбен көрді.
Шаруа қожалық биыл 44 гектар жерді игеріп. Оның 20 гектарына жүгері, 4 га жоңышқа, 10 га жерге арпа және 10 га жерге бақша дақылдарын егіпті. Оның айтуынша 10-15 күнде енді қарбыз артуға дайындалып жатырмыз- дейді.
Сонымен қатар аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы шаруа Ерік Белдебаевтің жүгері алқабында болды. Жүгерілері биіктеп, бітік шығып, сота салып, үлгеріпті. Сонымен қатар аудан басшысы М.Мұсаев шаруалар тарпынан көтерілген мәселереді, тез арада шешу керек екедігін округ әкіміне ескертіп,табыстады.