Сәбиді сүю
Сәбиіңізге айтыңыз:
1. Мен сені жақсы көремін
2. Еш нәрсеге қарамастан сені сүйемін.
3. Маған ашуланған кезіңде де сүйемін.
4. Мен саған ашуланған кезде де сүйемін.
5. Менен алыс болғаныңда да сүйемін. Жүрегім әрқашан өзіңмен бірге.
6. Жер шарындағы кез келген баланы таңдай алсам, бәрібір сені таңдар едім.
7. Рахмет
8. Сенімен ойнаған сондай жақсы
Айтып беріңіз:
9. Дүниеге қалай келгендігі туралы
10. Кішкентай кезінде қалай еркелегендігі туралы
11. Оның есімін қалай таңдағандарыңызды
12 Оның жасында өзіңіз қандай болғаныңызды
13. Оның ата-әжесі туралы
14. Кейде сізге де қиын екендігі туралы
15. Оның қолынан ұстап 3 рет қысқаныңыз «мен сені сүйемін!» дегенді білдіретіндігі туралы
16. Өзіңіздің жоспарларыңыз туралы
Тыңдаңыз:
17. Ойыншықтары туралы айтқанын
18. көмек сұрағанда
19.Шыдамыңыз жетер жерден тағы 1 секунд артығырақ
20. Сөздерінің астарындағы сезімдерін
Сұраңыз:
21. Бұлай неліктен болды деп ойлайсың?
22. Ал былай болса қалай болар еді…?
23. Қалай анықтасақ болады?
24. Не туралы ойлап отырсың?
25. Бүгін қандай қызықтар болды?
Көрсетіңіз:
26. Тыйым салмас бұрын, қалай дұрыс жасау керектігін
27. Қағаздан үй жасау
28. Тағамды дұрыс турау
29. Киімді дұрыс жинау
30. Жауабын білмеген кезде, ақпаратты іздеу
31. Әкесін қалай сүйетіндігіңізді
32. Өз өзіне қамқор болу, күтіну маңызды екендігін
Уақыт бөліңіз:
33. Құстарға бірге қарауға
34. Балаңызбен бірге ас әзірлеуге
35. Әр түрлі жерлерді аралауға
36. Топырақта ойнауға
37. Тапсырмаларды баланың жылдамдығымен бірге орындауға
38. Ол ойнап отырғанда қасында отыруға
Арылыңыз:
39. Кінә сезімінен
40. Қалай болуы керек екендігі туралы ойлардан
41. Өзіңіздікі әрқашан дұрыс болу керек деген ойдан
Беріңіз:
42. Мейірімді көздермен қараңыз
43. Балаңыз бөлмеге кіргенде күлімсіреп қарсы алыңыз
44. Ол құшақтағысы келгенде құшағыңыз ашық болсын
45. Ақыл бермес бұрын, ол дұрыстап тыңдауы үшін алдымен байланыс орнатып алыңыз.
Камшат Мукашева фейсбук парақшасынан