Брифинг

Уақыты: 20.07.20. Сағ: 11.00.

Спикер: Нұр- Сұлтан Білім басқармасының басшысы Қадыроаа Шолпан Маратовна.

Тақырып: Жаңа оқу жылына дайындық барысы

Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Елордамыздың жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Білім алушыларды қабылдау

2020-2021 оқу жылында Елорда бойынша 202 мың мектеп оқушысы болады деп күтілуде. (Өткен оқу жылында — 182 279).

Бірінші сыныпқа 27 000-нан астам оқушы қабылдау жоспарлануда, 12 453 өтініш берілді – 10090 (37%). Құжаттарды қабылдау электрондық үкімет Egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде мектептерде жүргізілуде.

Анықтама: 12 453 өтініш берілді, 10090 қабылданды.(37%).

Колледждерде алдағы оқу жылында 8 000 студент, сондай-ақ 13 мамандық бойынша ерекше білім алу қажеттілігі бар 139 білім алушы қабылданады деп күтілуде

Қашықтан оқыту

1 қыркүйекте жаңа оқу жылы барлық елордалық мектептер (1-11 сыныптар) және колледждерде қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл ретте қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмысы жоспарлануда.

Оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіре кетейін:

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып «кезекші сыныптар» ашылатын болады. Оқу бірнеше ауысыммен жүзеге асады. Сыныптар кіші топтарға бөлінеді. Ол топтарда оқушы саны 10-15 тен аспайтын болады. Сабақтар

бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақыттарда болады. Сонымен қатар, сабақтардың бір бөлігі қашықтықтан жүргізілетін болады.

Әрине, барлық санитарлық шаралардың сақталуы басты міндеттердің бірі. Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектептер дезинфекциялау құралдарымен, тепловизорлармен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Дәстүрлі форматтағы оқу жағдайында, яғни кезекші сыныптардың жұмысы үшін алгоритм келесідей болады:

1) ата — аналар балаларды «кезекші сыныптарға» әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді.

2) мектептің кіреберісі дезинфекциялық кілемшелермен қамтамасыз етіледі.

3) мектепке кірер кезде баланың температурасын өлшеу;

4) қолды антисектикпен өңдеу және масканың болуы міндеттеледі.

5) барлық қабаттарда және әрбір «кезекші сыныпта» антисанитайзерлерді орнату.

6) сыныпты желдету, кварцтау және ылғалды жинау кестесі;

7) қызыл сызықпен белгілей отырып, медициналық кабинеттердің жанында изолятор-бөлме ашу.

Қазіргі таңда сіздерді, жалпы барлық ата-аналарды алаңдатып отырған сұрақтың бірі алдағы қашықтан оқытудың қалай өтетіні екенін түсініп отырмыз. Бұл орынды. Қашықтан оқыту үшін ең алдымен педагогтар мен оқушылардың компьютер және интернетпен қамтамасыз етілуі маңызды.

Педагогтар мен оқушылардың компьютер мен интернетке қажеттілігіне мониторинг жүргізілді. Қажетті құралдар сатып алынатын болады.

Бұл ретте техниканы қажет ететін аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар міндетті түрде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етіледі.

Анықтама: 6994-аз қамтылған отбасы оқушылары;

— 689 жетім бала;

— 4377 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала;

— Аз қамтамасыз етілгендер санатына кірмейтін көп балалы отбасылардан шыққан 20000 бала;

— 1233 мұғалімдер үшін;

— 2444 басқа.

Жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.

Қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Оқушылар оқулықтарды 1 қыркүйекке дейін алады.

Педагогтардың дайындығы

Тамыз айынан бастап (24-29 тамыз) 9958 (100%) білім беру ұйымдарының педагогтары «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген «қашықтықтан оқытуды үйренемін» атты онлайн-курста оқитын болады.

Анықтама: Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары-9036, ТжКБ — 882, әдіскерлер -40.

Курс 5 модульден тұрады.

(1-Модуль «қашықтықтан оқыту ерекшеліктері», 2-Модуль «оқуға тарту», 3-модуль» Ақпараттық-техникалық құралдары», 4-модуль «кәсіби ынтымақтастық», 5-модуль «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»). Курс ұзақтығы – 40 академиялық сағат, өткізу форматы — асинхронды, бұл тыңдаушыларға өз бетінше оқудың уақыты мен қарқынын таңдауға мүмкіндік береді.

Курстар Stepik білім беру платформасында өтеді.

Онлайн-курстың әрбір тақырыбы мұғалімдердің өз бетінше зерделеуі үшін өзекті материалдар мен ресурстарды қамтиды. Педагогтар курста қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп, онлайн сабақтардың оқу үдерісін жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруды үйренеді.

Нұр-сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы тамыз айының 1 және 2-ші аптасында «Цифрлық педагогика: оқыту және тәжірибе» тақырыбында онлайн-оқыту өткізуді жоспарлап отыр. 12 480 (100%) педагог қамтылатын болады, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру

педагогтары 2562, жалпы білім беру мектептері 9036, ТжКБ мұғалімдері 882.

Майкрософт компаниясының бірінші және жалғыз авторизацияланған серіктесі Knowledge Engineering» компаниясымен бірге білім беру ұйымдарының 5987 (47%) педагогтарына платформа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша вебинарлар өткізеді. Вебинар «Білім беруге арналған интерактивті құралдар. Мұғалім білуі тиіс технологиялар» деген бағдарламалық модуль бойынша өтеді.

Педагогтар 4 тоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Academia.kz педагогикалық шеберліктің виртуалды зертханасында білімдерін жетілдіруде. Виртуалды зертханада педагогика, психология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т. б. мәселелер бойынша ең өзекті онлайн-курстар топтамасы ұсынылған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру мектептерінің педагогтарын қолдау мақсатында «Мұғалімдердің онлайн Академиясы» жобасы іске асырылуда. Қаланың тәжірибелі мұғалімдер педагогтар үшін мектепішілік курстарды өткізу арқылы әдістемелік көмек көрсетуде. (мақсатты топтар құрылды).

Сондай-ақ үздік педагогтардың тәжірибесін жинақтау арқылы жаңа әдістемесі бар педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлер зертханасын құру жоспарлануда.

Білім беруді жаңғырту орталығы «Астаналық электрондық мектеп» электрондық платформасын әзірлеуде, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне сабақтар, білім беру цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылады.

Маусым айынан бастап yardstream арқылы жүзеге асырылатын үнемі ашық «Педагогикалық тәжірибе алаңы» жұмыс істейді. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтар әлеуметтік желілер мен Ютуб арнасы арқылы кез келген уақытта елордалық мұғалімдердің тәжірибесін көре алады. Бүгінгі күні 15 000 рет қаралды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ

Кадрларды даярлау 77 мамандық және 122 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 4652 орынға 22 колледжде (12 Мемлекеттік, 10 жеке меншік) орналастырылған, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 3 602 орын, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 050 орын.

Жоғарыда айтылғандай, жаңа оқу жылын колледждер де қашықтан оқу форматында бастайды.

Дәстүрлі формат санитарлық нормаларды сақтай отырып, бірінші және бітіру курстарының білім алушылары үшін өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы ұйымдастыру кезінде жеке кесте бойынша жүзеге асады.

Колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан бастап 25 тамызға дейін (жұмысшы кадрлар үшін 27 тамызға дейін) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, колледждің қабылдау комиссиясы қағаз түрінде өтініштерді қабылдайды.

Бүгінгі күні 3589 құжат қабылданды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға арналған конкурс аттестаттың жиынтық балы негізінде өткізіледі.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер шығармашылық емтихандарды ақпараттық технологияларды қолдана отырып тапсырады, сондай-ақ қабылдау комиссиясының шешімі бойынша жетістіктері бар портфолио ұсынады.

Естеріңізге сала кетейін, мектептер мен колледждерге құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтамасыз тапсыруға рұқсат етілді. Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын кешірек мерзімде өткізуге болады.

Кадрлық қамтамасыз ету

Оқу жылының соңында педагогикалық кадрларға деген қажеттілік 842 адамды, 706 зейнеткер ұстаз бен жаңа мектептердің ашылуын қосқанда, 2000- нан астам қызметкерді құрады.

Негізінен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, ағылшын тілі, дефектологтар, логопедтер, сонымен қатар мектепке дейінгі арнаулы білімі бар тәрбиешілер қажет.

Білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша Жол картасы жасалып, бекітілді. Оның аясында республиканың ЖОО-мен және ТжКБ-мен жұмыс жүргізіледі.

Елордаға педагогтарды тарту үшін университет түлектерімен онлайн-кездесулер жүргізу жұмыстары жалғасуда. Елордалық мектептердің басшылары, балабақша меңгерушілері онлайн еңбек жәрмеңкелеріне қатысты (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) олар enbek.kz порталында үміткерлерді (соның ішінде аймақтардағы жұмыс істейтін мұғалімдерді) қарастыруда, бүгінгі таңда 300-ге жуық түйіндеме қарастырылуда.

Аңықтама: Нұр-Сұлтан қаласында 2020–2021 оқу жылында жоғары оқу орындарын 642 студент бітіру жоспарланған, оның 102-і сырттай оқитын студенттер: ЕҰУ 248 адам, ЕАГИ — 284, Тұран-Профи — 110. Колледждерде 556 маман оқытылады.

Жыл сайын білім беру саласындағы мамандарды жаппай бітіруіне қарамастан, педагогтік құрамға деген қажеттілік бар. Түлектер арасында орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жеткіліксіз.

Қазіргі уақытта бос жұмыс орындарының HRPortal кадрлық порталы бар, онда білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге ынталы кез-келген адам бос жұмыс орындарына тіркеліп, өтініш бере алады.

Бүгінгі таңда 100 түлек түйіндемелерін елордалық мектептерге жұмысқа тапсырды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, нәтижелері бойынша 1000-ға дейін жас маман тарту жоспарлануда.

Әлеуметтік қолдау ретінде 2019 жылы 242 педагогикалық қызметкерлерге 7-20-25 Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін атаулы құны 1 миллион теңге болатын тұрғын үй сертификаттары түрінде әлеуметтік көмек берілді. Бағдарламаға қатысушылар жаңа салынған және қайталама тұрғын үй нарығынан пәтер таңдауға мүмкіндік алды.

2019 жылы 350 жас педагогтар үшін жайлы жатақхана ашылған болатын.

Жаңа білім беру нысандарын іске қосу

Елорда халқының жыл сайын өсуі оқушылардың да көбеюіне әсер ететіні белгілі. Сондықтан да, қаламызда мектеп құрылысына деген сұраныстың жоғары екенін білесіздер. Қазіргі уақытта қалада тығыздалған мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 10100 оқушыға арналған 14 нысанды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 7 000 орынға арналған 8 мектеп, 3100 орынға арналған жұмыс істеп тұрған мектептер аумағында 6 жапсарлас құрылыс.

Анықтама:

Мичурино тұрғын алабындағы — 600 орындық мектеп;

Т.Рыскулова және № 36, Е171 көшелерінің қилысында– 900 орындық мектеп;

Оқжетпес және Ш. Бокеева көшелерінің қилысында 900 орындық мектеп;

Ұлы Дала и № 39 көшелерінің қилысында — 1200 орындық мектеп;

Тайбурыл 17 көшеміндегі № 23 мектепке қосымша құрылыс – 600 орынға.

Назарларыңызға рахмет!