Елорда ауруханаларының емделушілері кәсібилігі үшін дәрігерлерге алғыс білдірді
COVID-19 диагнозымен елорда емханаларына түскен науқастар емдеуші дәрігерлерге алғыс білдірді. Науқастардың айтуынша, оларға ауруды жеңуге қамқорлық, назар аудару мен күтім көмектеседі. «Мен 15 шілдеде өте ауыр жағдайда түстім. Бір апта реанимация бөлімінде болдым. Дәрігерлер менің жағдайымды қалыпқа келтіру үшін барын салды. Енді мен еркін тыныстай аламын. Мұның бәрі дәрігерлердің көмегінің арқасы. Жақын арада емділіп шығамын деп үміттенемін», – дейді 46 жастағы Манарбек Кобазиев. 63 жастағы Төлебек Жұмақаевтың ем қабылдап жатқанына алты күн болды. Зейнеткер ең алдымен дәрігерлердің науқастарға деген қарым-қатынасының арқасында сауығып жатқанына сенімді. «Біз дәрі-дәрмектерімізді уақытылы аламыз, тамақ жақсы ұйымдастырылған және жалпы атмосфера жақсы. Атмосфера жақсы болса адами көзқарас, адам организмі басқаша жұмыс істейді», – дейді ақсақал. Ол қазақстандықтарды гигиена мен белгіленген санитария нормаларын қатаң сақтауға шақырды. «Өзімізден бастап, өзімізге қатал қарауымыз керек. Жақындарымыз қарапайым талаптарды сақтауы үшін оларға көңіл бөлу қажет. Қолды жиі жуу, гигиена өз нәтижесін береді. Жай жатпай, әр жарты сағат сайын дене, тыныс алу жаттығуларын жасау керек. Бұл жақсы әсер етеді. Мұның бәрі өз пайдасын тигізеді», – деді Т.Жұмақаев.