ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1315 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

 

Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мырзақыз Аманиязованың мәліметінше, биыл 2370 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

«Жарты жылдың қорытындысы бойынша, 1315 адамды жұмыспен қамтыды. Оның 729-ы тұрақты жұмыс орындары, 586-ы уақытша жұмыс орындары. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан бойынша 98 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджеттен 13 млн 152 мың теңге бөлінді. Карантин режиміне байланысты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кейінге шегерілді»,- деді Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

Мырзақыз Аманиязованың биыл тағы 110 адам «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздерін» оқыту жоспарланды.

«15 маусымнан бастап 40 адам онлайн оқытылды. Оның 13-і оқудан шығарылды. 3 адам екінші кезеңге өтті. 24-і оқуды аяқтап сертификат алды. Қазіргі таңда тағы 35 адам 9 шілдеден бастап онлайн оқып жатыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 110 млн.теңге қаржы бөлінді. Осы қордан несие алуға 30 адам өтініш білдірді. Оның 17-сіне 68,4 млн.теңге несие берілді», -деді ол.

Анықтама үшін:

2018-2019 жылдардың айналым қаражат есебінен 4 адам 18 млн.теңге несие алды.

2020 жылғы қаражат есебінен 13 адам 50,4 млн.теңге несие алды.

Сондай-ақ 1 адамның бизнес жобасы 4,0 миллион теңге ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорынан мақұлданды, 2 адам 9 миллион теңгеге өтініш тапсырды.

— Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 2018 жылдан бастап, мемлекеттік гранттар беріле бастады.

Аудан бойынша жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 200 МРП-дан 50 адам мемлекеттік грант алуға 26 339 мың теңге бөлінді.

2020 жылдың 01 шілдесіне 20 адам грант алды. Оған 11 112 мың теңге жұмсалды. Грант алғандардың 9-ы көп балалы отбасылар.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздерін» оқыған 7 адам, аз қамтамасыз етілген отбасынан 2 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды оқығандардан 11 адам грант алды,-дейді Мырзақыз Таширқызы.

Оның мәлімдеуінше, «Бағдарламаның үшінші бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға бағытталған».

-Ағымдағы жылы 1968 адам жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп тіркелді. Оның 328-і жұмыстан босауына байланысты әлеуметтік төлем алушылар.

Олардың ішінде 1348 адам (82,2%) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

Атап айтқанда:

— 172 адам тұрақты жұмыс орындарына;

— 78 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;

— 71 адам жастар практикасына;

— 315 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

— 17 адам несие алды.

— 20 адам грант алды.

— 75 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік

негіздерін» оқуға жолданды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Қарақия ауданы бойынша 25 жобаға 565 адамды уақытша жұмыспен қамту жоспарланды.

Қазіргі таңда 600 адам уақытша жұмыстарға орналасты.

Ағымдағы жылы 5 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды.

2020 жылдың 01 шілдесіне жұмыссыздық тіркеуінде тұрғандар саны 1293 адам (6,3%) (Бұл көрсеткіштегі 1293 адамның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындағы – 67 адам, жастар практикасындағы — 44 адам, қоғамдық жұмыстағылар – 264 адам, жұмыстан шығуына байланысты әлеуметтік көмек алушылар — 328 адам. Қалған 590 адам (2,9%) жұмыс іздеушілер.)

Жалпы аудан бойынша жұмыссыз 1410 адам (6,9 %), оның ішінде 1293 (6,3%) адам тіркелген, 117 (0,6%) адам тіркелмегендер,- деді М. Аманиязова.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ