Елордалық волонтерлер күн сайын дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізетін болады.
Ел тағдыры сынға түскен кезеңде, аянбай еңбек етіп жатқан медициналық қызметкерлерге арнайы, елорда тұрғындары алғыс айту мақсатында күнделікті ыстық тамақ жеткізуді қолға алмақ.
Мұндай еріктілікпен айналысу идеясы кенеттен пайда болды. Елордалық ауруханалардың бірінде өзі куә болған жағдаймен бөлісуді жөн көрген азамат, ондағы өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын дәрігерлер, уақыттың тығыздығына байланысты толық қанды ыстық тамақтың орнына жылдам дайындалатын кеспелермен тамақтанатындын жеткізеді.
Бір-екі минуттардан кейін-ақ өзара ұйымдасып, жиналған қаражатқа № 1, 2 қалалық ауруханаларға ыстық тамақ пен шайға кішкентай десерт жеткізу жоспарланған болатын. Көп қабатты үй кешенінің әлеуметтік желі чатында басталған қаражат жинау процесінде, тағы бірнеше аурухананы қамту ұсынысы түсті. Дәл осы сәттен-ақ, бастау алған мейірімділіктің ұшқыны бір тұрғын үй кешенін ғана емес, сондай-ақ елорданың басқа да үйлеріне жетіп үлгерді. Бірнеше күннен кейін блогерлер де осы игі іс туралы туралы жаза бастады, осының арқасында қаражат жинау бір Нұр-Сұлтан қаласынан ғана емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстаннан келіп жетті. Қазіргі таңда күніне 250-300 данаға жуық ыстық тамақ жеткізу ұйымдастырылып жатыр.
Ертең, 23 шілде күні волонтерлер Қабанбай батыр 5/1 мекен-жайы бойынша жиналып, сағат 12:10-да «Beef and Beer» рестобарындағы ыстық тамақтарды алып, ауруханаларға жеткізетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша:
+ 7 701 754 01 21 — Сандуғаш Құрманалиева, + 7 701 599 79 19 — Гүлнұр Қожахметова.