АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ 2020 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ.
Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2948 км құрайды.
Оның ішінде:
республикалық маңыздағы – 1020 км,
облыстық және жергілікті маңыздағы – 1928 км.
Былтыр 107,7 шақырым жолға асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар, 150 шақырымды құрайтын 4 жоба толығымен аяқталды, олар: «Құрық – порт Құрық» (22 км, 8,2 млрд.теңге) автожолын реконструкциялау және «Шетпе – Ұштаған» (54 км, 946 млн.теңге), «Ақтау – Форт – Шевченко – Қаламқас кен орны» (88-154 км, 668 млн. теңге), «Онды ауылына кіреберіс» (8 км, 138 млн.тенге) жолдарын орташа жөндеу.
Осы жылы 217,4 шақырымды қамтитын 7 автомобиль жолдарының реконструкциясы мен жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланды.
Анықтама үшін: «Ата жолы» 1-кезең (51 км), «Ата жолы» 2-кезең (46 км), «Тұщықұдық ауылына кірме жол» (29 км), «Форт-Шевченко-Таушық» автомобиль жолының 0-52 км учаскесін орташа жөндеу (52 км), «Қызан-Ақшымырау» автомобиль жолын орташа жөндеу (14,7 км) «Қызылсай-Сенек» автомобиль жолын орташа жөндеу (17,7 км), «ХГМЗ жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі жалпы ұзындығы 7,0 км №55 автожолын қайта құрылымдау (7 км).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 117,7 шақырымды қамтитын 6 жобаның құрылысы жалғасады.
Анықтама үшін: «Жыңғылды – Шайыр — Шерқала» (29 км) «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мастек учаскесі, 36 км), «Шетпе-Тиген» автомобиль жолын орташа жөндеу (21 км), МАЭК су жинау каналынан «Құрық» паромды кешеніне дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау (27 км), Маңғыстау облысындағы «МАЭК» су алғышынан бастап Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау (ІІІ кезең) (0,07 км), Ақтау қаласының Өмірзақ елді мекенінен Жылы жағажайға дейінгі автомобиль жолының құрылысы (4,6 км).
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 95,2 шақырымды қамтитын 12 жаңа жобаның жұмысы басталады.
Анықтама үшін: «Форт-Шевченко-Таучик-Шетпе» автомобиль жолын орташа жөндеу 52-91 км» (39 км) , «Онды ауылындағы пианер лагеріне кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (6 км), «Ералиева станциясына кірме жол автомобиль жолын орташа жөндеу (12 км), «Шайыр ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2,8 км), «Жармыш ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2 км), «Сыңғырлау ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2 км), «Жаңаөзен-Құланды» автомобиль жолын орташа жөндеу» (4,1 км), «Қызылөзен ауылына кірме жолын
орташа жөндеу» (9 км), «Таушық ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (3 км), «Маңғышлақ станциясы — Карьер-400» орташа жөндеу» (5,6 км), «Жаңаөзен қаласына кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (4,75 км), «Жаңаөзен станциясына кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (4,96 м).
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 2019 жылы елімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы қабылданды.
Жоба аясында Бейнеу, Шетпе және Маңғыстау ауылдарында 24,3 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, Маңғыстау ауылында 7,5 шақырым жаңа жол салынды.
Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 3 млрд. 878 млн. теңгеге 46,1 шақырым жол салынады және 47,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткізіледі.
Жергілікті желі жолдарын жөндеу және қайта құрылымдау үшін Республикалық бюджеттен 8 млрд. 999 млн. теңгеге қолдау көрсетілді және жергілікті бюджеттен 2 млрд. 694 млн. теңге қарастырылған. Олар 33 жобаны іске асыруды және 148,9 км астам жолды жақсартуды көздейді. (Барлығы – 11,7 млрд. тенге)
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 7 млрд. 764 млн. теңге бөлінді. Жоба аясында 30 жоба іске асырылып, 1 382 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Түпқараған ауданы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 469 294,0 мың теңге қарастылып, Ақшұқыр ауылының 10 (он) көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 5 (бес) көшенің
жалпы ұзындығы 5 шақырым жолының 90 пайыз жұмыстары жүргізілді, қалған жалпы ұзындығы 5 шақырым 5(бес) көшесін қыркүйек айында аяқталуы күтілуде.
2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары жалғасып келе жатырған Ақшұқыр аулының жоғарғы және төменгі бөлігінің автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарына жалпы суммасы 601 700.3 мың теңгеге келісім-шарт жасастық.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде Түпқараған ауданы бойынша 11 нысанға 1 332 691,0 мың теңге бөлінді. Жұмыстары қыркүйек айында аяқтау күтілуде.
Атап айтқан Ақшұқыр ауылы бойынша жалпы ұзындығы 4 шақырымға автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде .
Сайын.Шапағатов ауылдық округінде жалпы ұзындығы 11 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде .
Қызылөзен ауылында жалпы ұзындығы 1 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Баутино және Аташ ауылдарына жалпы ұзындығы 2,6 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі тарапынан
атқарылып жатырған жұмыстар
Қалаішілік автожолдарды жыл бойына жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарына осы жылы — 753 414,0 мың теңге болып нақтыланған болатын, ұйымдастырылған конкурс қортындысында «Қала жолдары»ЖШС жеңімпаз болып табылып, қазіргі кезде тиісті жұмыстарды жүргізуде. Наурыз –желтоқсан айлары бойынша келісімшарт сомасы 651 191 360 теңгені құрады.
Бұл ретте бекітілген кесте бойынша
автомобиль жолдарын күіп ұстау жұмыстарына -573 072 766,86 теңге
суағарларды тазалау және жөндеу жұмыстарына — 59 532 593,14.теңге шұқырларды жамау, асфальттау жұмыстарына – 24 586 000 теңге қаралған болатын.
Автожолдар бойындағы реттелмелі қиылыстағы бағдаршамдар нысандарын жыл бойы күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарияланған конкурс негізінде, «Асет-А» ЖШС-мен 22 176,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізуге келісімшарт жасақталып, жұмыстар жүргізуде.
Жаяу жүргінші жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша, автожолдарға жасанды жол кедергілерін орнату бойынша конкурс өткізіліп, 15 841,8 мың теңгеге «Асет-А» ЖШС жеңімпаз атанып, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Маңғыстау облысының тексеру комиссиясының нұсқауын орындау мақсатында Ақтау қаласы көшелерінің жолдарына арналған жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту, және автожолдарды электронды паспорттау, арнайы цифрландырылған жүйеге өту боынша «Қазақ жол ғылыми зерттеу институтымен» бір көзден 41 000,0 мың теңгеге келісімшартқа отырып жұмыс жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жолдарға тоқталсам,
1. «Көктем» тұрғын-үй массивінің жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Ақжол+К»ЖШС.
Жұмыс 95%-ға аяқталған, осы жылы толық қолданысқа беріледі (автожол құрылысы барлығы — 251,6 млн.т, 2020 ж. дейін 192,3 млн.т игерілді,2020 жылы қалған қаражаты толық бөлінді).
Маусым айы соңына дейін 40,0млн игерілді
Алдағы айларда 19,0 млн төлену керек (5%)
2. «Приморский» ауылының жолдары, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Мердігер «Ынта»ЖШС.
Жұмыс 95%-ға аяқталған, осы жылы толық қолданысқа беріледі (ұзындығы 12,8 км автожол құрылысы барлығы – 472,3 млн.теңге,
2020 ж. дейін 371,7 млн.т игерілді,
2020 жылы қалған қаражаты толық бөлінді).
Маусым айы соңына дейін 76 786,6 млн игерілді
Алдағы айларда 23,0 млн төлену керек( 5%)
3. Жаңадан «Рауан» ауылының жолдары, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Алтынқұрық»ЖШС.
ұзындығы 12,5 км автожол құрылысы барлығы – 425,5 млн.теңге, 2020 ж. дейін 29,5 млн.т игерілді,
2020 жылы – 118 447,8млн. теңге бөлінді).
4. 32В ш/а «Шаңырақ» тұрғын кешені және 31Б,32Б,35 шағынаудандары бойындағы №33 автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Алтынқұрық»ЖШС.
1 кезең бойынша жолдың ұзындығы 0,7 км құрайды,
1-кезең автожол құрылысы барлығы – 197,4 млн.т,
2020 ж. дейін 50 000,0 млн.т игерілді,
2020 жылы бөлінгені – 41,2 млн.теңге,
қалған қаражаты – 106,2 млн.теңге.
2 кезең бойынша 0,847 км құрайды
2-кезең автожол құрылысы барлығы – 231,8 млн.т,
2020 ж. дейін 1,0 млн.т игерілді,
қалған қаражаты – 230,7 млн.теңге.
5. 33 ш/а «Маңғыстау Арена» с/к, 34,34А,35 шағынаудандар бойымен №26 автомобиль жолы құрылыс жұмыстары басталды.
Мердігер «Алтынқұрық»ЖШС.
1 кезең бойынша ж/ұ 1,5 км,
2020 жылға дейін 129,6 мың.т игерілді.
2020 жылға қаралып отырған сома 30000,0 мың т.
Толық аяқтау үшін әліде 325000,0 мың т. қажет етіледі
2 кезең бойынша — 0,590 км
2-кезең автожол құрылысына құрылысына – 213,2 мың.т қаралған
2020 жылға дейін 1,0 мың.т игерілген). қалған қаражаты – 212,1 млн.теңге.
6. № 1 өнеркәсіптік аймақтың автожолын салу – құны 80 848,8 млн. теңге қажет, жолдың ұзындығы 0,746 км (қорытынды 15.02.2017 жылғы № 15-0043/17).
Мердігер «Ақжол+К»ЖШС болып анықталды.
Жер өлшеу жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылға 5,0 млн.тг қаражат бөлінді.
7. 25 шағынауданда автожолын салу — құны 83 225,8 млн.теңге қажет, жолдың ұзындығы 0,802 км (қорытынды 15.05.2017 жылғы № 01-0230/17). Мердігер «Ақжол+К»ЖШС болып анықталды.
Жер өлшеу жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылға 5,0 млн.тг қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар:
1. №21 автомобиль жолына орташа жөндеу бойынша жарияланған конкурс бойынша «Ақтау-НШ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Жұмыстың негізгі сметалық құны 69 184,84 мың теңге (қосалқы құн салығымен) болған. Конкурс нәтижесі бойынша 62 228,56 мың теңге (қосалқы құн салығымен) қаражатқа 04.05.2020ж келісім шарт жасақталып, ұзындығы -1370м болатын автомобиль жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Үнемделген қаржы–6 956,28 мың теңге. Техникалық сипаттамаға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 8 жұмысшы жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күні жұмыстар 50% — ға орындалды. Қазіргі кезде асфальт жұмыстарын бастау жоспарлануда.
2. №6 автомобиль жолына орташа жөндеу бойынша жарияланған конкурс бойынша «Беркан Строй Сервис» ЖШС жеңімпаз болып табылған болатын. Алайда аталған мекеме келісімшартқа отырудан бас тартуына байланысты, иеилекеттік сатып алу заңдылықтары бойынша, конкурс нәтижесінде екінші орын алған «КазПетроКон» ЖШС-мен 13.05.2020ж келісім шартқа отырып, ұзындығы -897м болатын автомобиль жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жұмыстың негізгі сметалық құны 32 104,53 мың теңге (қосалқы құн салығымен) болған. Мердігер мекеменің жұмыс орындау құны -27 224,29 мың теңгені құрады (қосалқы құн салығымен).Үнемделген қаржы–4 880,24 мың теңге.
Бүгінгі күні жұмыстар 90% — ға орындалды. Қазіргі кезде асфальт жұмыстары аяқталып, жолсызбаларын сызу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жобалау жұмыстары жүргізілген автожолдар
1. «Нұрас» жанар-жағармай стансасынан Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына дейін автомобиль жолын жаңарту (5 км)». Жобалаушы «Жол-көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Институты» ЖШС, шарт соммасы 13,5 млн.теңге, конкурс соммасы 18,9 млн.тг., экономия 5,4 млн.тг. (сараптамаға кіргізілді).
2. «1 ш/а бастап ХГМЗ теміржол қиылысына дейін автомобиль жолын қайта жаңарту, жолдың ұзындығы 8,0 км, (Жобалаушы «EDCGroup» ЖШС, шарт соммасы 48,3 млн.теңге бөлінді, жолдың ұзындығы 8,0 км, конкурс соммасы 50,8 млн.тг., экономия 2,5 млн. теңге). Теміржол мекемелеріне қатысты сұрақтар болған, бүгінгі күні жоба мемсараптамаға кіргізіліп жатыр.
3. «№8 өндірістік аймақтан бастап солтүстік-батыс бағыттағы рекреациялық аймаққа дейін автожол құрылысын салу» жолдың ұзындығы 4,0 км, Жобалаушы «Мунайгазпроект-Сервис» ЖШС, шарт соммасы 13,5 млн.теңге жолдың ұзындығы 4,0 км, конкурс соммасы 19,3 млн.тг., экономия 5,8 млн. теңге. Жоба толық аяқталды. Мемсараптамаға кіргізілді.
4. ХГМЗ теміржол қиылысынан бастап №17 бекетке дейін автомобиль жолын қайта жаңарту», Жобалаушы «ТС-Индустрия» ЖШС, шарт соммасы 28,0 млн. теңге, жолдың ұзындығы 6,2 км, конкурс соммасы 60,2 млн.тг., экономия 32,2 млн.тг.
Жарықтандыру бойынша қосылатын электр жүйесіне қатысты сұрақтар болған. Қазіргі күні сұрақтар шешілді. Мемсараптамаға кіргізу жұмыстары жүргізілді .
5. «18а және 18ш/а, 20 және 20ш/а аралығындағы №17 автожолының құрылысы салу».жолдың ұзындығы 0,8 км, Жобалаушы «EDCGroup» ЖШС, шарт соммасы 4,9 млн.теңге, жолдың ұзындығы 0,8 км, конкурс соммасы 5,0 млн.тг., экономия 100,0 мың теңге.
Мемсараптамаға кіргізу жұмыстары жүргізілді .
6. «19а, 20, 20А ш/а бойындағы № 26 автожолының құрылысын салу». Жобалаушы «ТС-Индустрия» ЖШС, шарт соммасы 8,2 млн. теңге, жолдың ұзындығы 2,0 км, конкурс соммасы 15,0 млн.тг., экономия 6,8 млн. теңге.
Жоба толық аяқталды. Мемсараптамаға кіргізілді.
7. «Солтүстік-батыс бағыттағы рекреациялық аймақтан 20а шағынауданға дейін инженерлік желілердің әкелуімен автомобиль жолы құрлысын салу».Жобалаушы «KJS Project & Consulting» ЖШС, шарт соммасы 21,6 млн.теңге, жолдың ұзындығы 4,5 км, конкурс соммасы 36,1 млн.тг., экономия 14,5 млн. теңге. Мемсараптамаға кіргілді..
8. «Ақбота» саябағы мен 2 ш/а мен 4 ш/а жол қиылысына жер асты өтпелі жолын салу нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу.(Жобалаушы «ҚостанайДорПроект» ЖШС, шарт соммасы 17,0 млн.тг,2019 жылға 700 мың тг бөлінді,)
Жоба толық аяқталды. Мемсараптамаға кіргізілді.
9 «Хонда орталығынан Өмірзақ кентінің Т-тәріздес қиылысына дейінгі ұзындығы 4,5 км болатын автомобиль жолын» қай құрылымдау жобасы бойынша 27.05.2020ж мемсараптаманың оң қорытындысы алынды.
Қоғамдық көлік тасымалы бойынша
Ақтау қаласы бойынша жолаушылармен багаждарды тұрақты тасымалдаумен 7 маршрут қызмет етеді. Олар, № 2, 3, 4, 4М, 5, 7 және «Ақтау-Әуежай-Ақтау» бағыты бойынша барлық автобус саны 74 дана. Тасымалдаумен айналысатын 4 мекеме бар олар, «Айна» ЖШС, «Жолаушы-Ақтау» ЖШС» жеке кәсіпкер «Бекбаулов Ш.» және «Карпэт Транспортейшн» ЖШС. Барлық автобустарға GPS жүйесі қондырылған және мобильдік қосымша Infobus.kz мобильдік қосымшасы арқылы автобустардың қай маршрут қай уақытпен қай жерде келе жатырғандығын көруге болады.
Ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап, облыс бойынша алғаш рет қалалық қоғамдық көліктерде жолақы төлеудің электрондық жүйесі (валидатор) іске қосылды. Бұл өз кезегінде жолаушылардың қолма-қол ақшасыз, арнайы электрондық карточкалар арқылы және банктік карточкалар арқылы (МастерКард, Виза) төлем жасауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Ақтау қаласының әлеуметтік осал топтар санатындағы адамдарға (1-2 топ мүгедектер, бала жастан мүгедектер, көп балалы аналар, Чернобыль АЭС қатысушылары, Ақтау қаласының құрметті азаматтары барлығы 9438 адам) қоғамдық көлікті тегін пайдаланулары үшін «Қазпошта» АҚ-ы арқылы арнайы электрондық карточкалар дайындалды. Қазіргі таңда аталған карточкаларды тарату жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге дейін шамамен 3000-ға жуық адам тегін жүру карточкасын алды.
Автобус паркін жаңарту бойынша: Қазіргі таңда Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарының 70%-дан жоғары бөлігі ауыстыруды қажет етеді. Осыған орай, ағымдағы жылы қалалық автобус паркін жаңарту мақсатында 18 дана жаңа заманауи автобус сатып алу жоспарлануда. Автобустарды сатып алу «ҚБД-Лизинг» (БРК-Лизинг) бағдарламасы аясында, яғни жеңілдетілген несие арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан сатып алынатын автобустардың 30% жарнасы (216 540,0 мың теңге) төленді. Жаңа автобустарды қала жеткізу ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлануда.