ПАНДЕМИЯМЕН КҮРЕСКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, бүгін аймақ басшысы Серікбай Трумовтың төрағалық етуімен Covid – 19-бен күрес бойынша облыстық жедел штабтың мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасарлары, штаб мүшелері және өзге де жауапты тұлғалар жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы баяндады. Аталған бағыттағы бюджет қаржысының жұмсалуы туралы Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова айтып берді.
Пандемия басталғаннан бері, оның таралуын болдырмау шараларына қаржыландырудың барлық көздерінен қомақты қаржы бөлінуде. Бұл жергілікті және республикалық бюджеттердің, сондай-ақ демеушілердің қаржылары.
Жалпы облыс бойынша денсаулық сақтау саласында 26 мемлекеттік және 33 жеке медициналық мекеме жұмыс жасайды.

ПАНДЕМИЯМЕН КҮРЕСКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАРҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ
Үкімет резервінен республикалық бюджеттен бөлінген қаржының мөлшері 825 млн.теңге:
ЖҚҚ сатып алу үшін: 45 мың. Обаға қарсы қолданылатын костюмдер сатып алу үшін – 165мың.
— бір реттік бетперделер мен сол мөлшердегі қолғаптар және өзге де құралдар үшін. Дәрі-дәрмектің 43 түрі үшін, 40 бірлік медициналық жабдықтар- ӨЖЖ (ИВЛ), оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына – 20, Жанаөзен қалалық ауруханасына және Бейнеу аудандық ауруханасына — 10 бірлік жабдық үшін .
Сатып алынған тауарлар жеткізілуіне қарай облыстың 13 медициналық ұйымына жеткізілді. Осымен қатар облыс әкімшілігінің резервінен бірнеше траншпен аймақтың денсаулық сақтау саласына 860 млн.тенге қаржы бөлінді, ол медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы үшін бөлініп, 50 бірлік пульсоксиметр сатып алынды, олардың 45 бірлігі –Маңғыстау облыстық ауруханасына, 5 бірлігі — Бейнеу аудандық орталық ауруханасына берілді.
-10 бірлік оттегі концентраторлары – Маңғыстау облыстық ауруханасына, Жанаөзен қ., Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған аудандарының ауруханаларына және облыстық туберкулезге қарсы диспансері үшін сатып алынды.
— Маңғыстау облыстық ауруханасына 90 бірлік палаталық кереует;
— 5 дефибриллятор және 10 пациент мониторы (Маңғыстау облыстық ауруханасына, Жанаөзен қ., Бейнеу ауданының ауруханаларына);
— Маңғыстау облыстық ауруханасына жұмсақ жиһаз алынды;
-500-ге жуық медицина қызметкерлері қонақ үйлерге орналастырылып, олардың тамақтанулары қамтамасыз етілді;
— бұрынғы перзентхана ғимаратын және облыстық аурухананың оттегі желісіне жөндеу жүргізілді.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде әкімдік резервінен өңірде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 683 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті қорын құру. Бүгінгі таңда «Каспий» корпорациясымен әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің 16 түрі сатып алынып, тиісті қоймаларда сақталуда.
-Денсаулық сақтау ұйымдары үшін жабдықтар сатып алу мен олардың ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу де маңызды шаралардың бірі болып табылады. Республикалық бюджет траснферттері есебінен жедел жәрдем станциясы үшін 52 бірлік санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланып отыр,- деп атап өтті Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова.

ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК
Атқарылып жатқан шараларға қолдау көрсетуде кенорындарын пайдаланушы және жеке компаниялардың, жеке тұлғалардың ролі зор. Осылайша қолдау көрсеткен компаниялар: НКОК, Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Өзенмұнайгаз, Қарақұдықмұнай және т.б. ірі компаниялардың көмегінің арқасында медициналық мекемелерге қажетті жабдықтар мен санитарлық автокөліктер сатып алынды. Бұл — 270 бірлік оттегі концентраторлары, 99 бірлік ИВЛ аппараттары, 7 бірлік жедел жәрдем көлігі, 80 бірлік пульсоксиметр, 31 бірлік — медициналық термометрлер, 17 бірлік – функционалды керуеттер, оттегі баллоны, ауа салқындатқыштар, медициналық шкафтар, кір жуатын машиналар және т.б.
Бүгінгі таңда демеушілік көмектің көлемі 1,5 млрд.теңгені құрайды.
Короновирус инфекциясымен күрес жұмыстары жалғасуда.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы