Маңғыстау облысы COVID-19-бен күрестің тиімділігі жөнінен алдыңғы орында
Қазақстанда COVID-19 индикаторлары бойынша өңірлер арасындағы кезекті аралық рейтинг өтті. Бұл туралы мәлімдеген өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, «Мәліметтерге сай, Маңғыстау облысы 18 көрсеткіштің (біреуі – жүзеге асырылу барысында) 16-сына қол жеткізген.
Күн сайын өңірлердегі жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін анықтау үшін 17 индикатор бойынша мониторинг жүргізіледі. Бұл индикаторлардың арасында тек қана COVID-19 сырқаты бойынша ғана емес, сонымен қатар тестілеумен қамтылған халықтың саны, COVID-19 сырқатын анықтауға арналған тестілеудің тиімділігі, реанимациялық бөлімшелердегі орындардың толықтығы, ауруханалардағы орындар қорының жай-күйі және т.б. мәліметтер де қамтылған. Бұдан өзге халықтан түскен арыз-шағымдардың уақытылы қаралуы, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша шараларды халықтың жағымсыз жағынан қабылдауының деңгейі жөніндегі пункттер де бар. Осы барлық индикаторлар бойынша Маңғыстау облысы «жасыл» деңгейге қол жеткізіп отыр. Бұл жерде қайтыс болғандардың саны және оксигенотерапия ТИК бойынша көрсеткіштерден басқасын айтқанда. Соңғы пункт жүзеге асырылу барысында.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында екі инфекциялық аурухана бар. Егер бұлардың инфекциялық қауіпсіздік стандарттарына сай болуы туралы айтар болсақ, бұл медициналық мекемелер ол талапқа сай екенін атап өту ләзім. Сонымен қатар, мұнайлы өлкеге 200 керуеттен тұратын тағы бір аурухана қажет.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы