Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс 2 тамызға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс жолында құрылыс жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 30 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.