Нұр-Сұлтан стационарларында пневмониямен ауыратын науқастар саны үш есе азайды
Шілде айының басынан бастап бұл көрсеткіш күрт төмендеді: 1 348-ден 437 жағдайға дейін, деп хабарлайды сovid19.astana.kz сайты. Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус инфекциясы мен пневмониямен күресуде тиімді шаралар қабылдауда. Бұған шілде айының басынан бастап қабылданған науқастар санының төмендеу динамикасы дәлел. Қабылданған шаралар мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды – тәулігіне 3 мыңнан 1000 адамға дейін, пневмониямен ауруханаға түскен науқастар саны 67,5% азайды. Төсек-орын қорының жұмыс жүктемесі 99%-дан 39%-ға дейін төмендеді. Коронавирус аурушаңдығының төмендеуінің оң динамикасы байқалады. Шілденің басынан стационарларға түскен науқастар саны 4 есе – күніне 400-ден 100-ге дейін азайды. 30 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 10 796 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 7 895 адам емделіп шықты. COVID-19 -дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азаматтар қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтауы қажет.