Акционерлердің Қарағанды облысы ауруханаларына 10 жеңіл автокөлік сыйлады

Qaz Carbon және YDD CORPORATION зауыттарының акционерлері, қайырымды кәсіпкерлер Ерлан Ныгматулин, оның грузиялық серіктесі Давид Кемертелидзе, сондай-ақ Жармухамед Аппаз кезекті рет дәрігерлерді қолдап, Қарағанды облысының мобильдік топтағы ауруханалардың жұмыс істеуі үшін тегін 10 жеңіл автокөлік сыйлады. Автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсеуге қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. Бұлар осыған дейін де биылғы жылдың 18-і шілдесі күні аталған облыс ауруханаларына гумианитарлық көмек көрсеткен-ді. Ерлан Нығматулин: «Біз ең алдымен адамдардың жағдайын, сондай-ақ індетке қарсы күресте алғы шепте жүрген медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуді ойлаймыз.

 

 

Кезінде мемлекет кәсіпкерлерге өндірісті дамытып, аяқтарынан тік тұруына көмектесті. Аталған автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен жасақталған. Олар мобильдік бригадаларға қабылдауды үйде жасап, қажет болған жағдайда науқасты тасымалдауға мүмкіндік береді»,— десе, оның шетелдік серіктесі, инвестор Давид Кемертелидзе: «Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде біз медициналық салада істейтін қызметкерлерге қаншалықты қиын тиіп жүргенін білеміз. Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің деректерін зерттей келе (онда жедел жәрдем қызметіне орасан зор салмақ түсетіндігі туралы айтылған), біз жедел жәрдем автокөліктерін сатып алуды шештік. Біздің қолдауымыз коронавирус пандемиясымен күресте қоғам қажетіне жарайды деп сенеміз»,— дейді. Жармухамед Аппаз: «Қажетсінетіндерге көмек көрсету, жақындардың қамын жеу, ел туралы ойлау — біздің компанияның, біздің барлық ұжымымыздың базалық ұстанымы. Мен еліміздің қазіргі ауыр жағдайды тезірек еңсеріп, адамдардың қалыпты өмір ырғағына қайта оралуын тілеймін»,— деген тілегін білдірді.

 

 

Поликлиникалық бригадалар үшін сатып алынған «Лада-Ларгус» базасындағы машиналар емдеу шараларын өткізуге, пациенттердің жағдайына ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде моноторинг жасап, тасымалдауға арналған, жедел жәрдем көрсетуге қажетті Испанияда жасап шығарылған Hersill чемодандарымен жабдықталған. Әрбір комплект оттегі баллоны, ауа өткізгіштер, интубациондық трубкалар сынды пациентке алғашқы жедел жәрдем көрсетуге қажетті өмірлік маңызы бар аспаптардан тұрады. Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың наурыз айында YDD CORPORATION ферросплав зауытының акционерлері Ерлан Ныгматулин, Давид Кемертелидзе және Жармухамед Аппаз мемлекеттің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылына қолдау көрсету үшін құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге аударған болатын.Сондай-ақ, гуманитарлық көмек көрсетіп, Қарағанды облысының ауруханаларына 100 оттегі концентраторын, пульсоксиметрлер мен коронавируспен науқастанғандарды емдеуге қажетті «Эноксапарин» препаратын берген-ді. Нағыз атымтай жомарт деп осындай азаматтарды айтуға болады. Өзге байлар, кәсіпкерлер үлгі өнеге алыңыздар.

 

 

Ермек Сахариев