Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды

 

Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ермеков көшесінде Қарасақал Ерімбет көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол салу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 5-20 тамыз аралығында осы учаскедегі көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген хабарламада.