Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог қашықтан оқыту курстарынан өтті
Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті. Балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалды. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.
Бұдан басқа, «Елордалық электронды мектеп» электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылған.
Нұр-Сұлтандағы білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуі жоспарлануда. Бұл ретте барлық саннормалар қатаң сақталады. Педагогтардың 30% — ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді (шамамен 34,5 мың бала).