Қауын-қарбыз пісті

Қазір қауын-қарбыз піскен шақ. Қала базарларында көкөніс пен жеміс-жидек түрлері қаптап тұрса да, жасыратыны жоқ, жыл сайын біздің өңірге жеміс көбіне сырттан келеді. Ал, тұрғындар өзіміздің өнімдерді
табиғи, сапалы деп іздейді.
Міне, осындай сапалы өнімнің нақ өзін өсіріп, бір ауылдың өзінде 120 отбасы қауын,қарбыз егіп, көл-көсір өнімін алуда.
Тоғызкент ауылында осыдан 3 ай бұрын атап өткеніміздей 120 отбасы қауын қарбыз еккен болатын.
Қазіргі таңда еткен еңбек, төккен терлері жемістері өз нәтижесін беруде. Атап айтатын болсақ қарбыздың
келісін 70 теңгеден, қауынның 1 келісін 120 теңгеден сатуда.
Ауылдықтар қауын қақ, қауын құрт жасап өз өнімдерін өздері тұтынып, артығын сатуда.
Әсілі, бейнеті мен зейнеті мол диханшылар еңбегі қашанда зор құрметке ие.
«Жер қадірін еккен білер » дегендей еңбекқор, бірлігі мен тірлігі жарасқан Тоғызкенттіктерге тек қана табыс, қажымас қайрат тілейміз.